Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Адамгершілік тәрбиесі.Адамгершілік тәрбиеснің мазмұны, бағыттары



бет30/142
Дата07.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#19740
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   142
25. Адамгершілік тәрбиесі.Адамгершілік тәрбиеснің мазмұны, бағыттары.

Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.

Адамгершілік тәрбиесінің қүрамды бөлігі - ұлтжандылық, ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттың) қасиеттер.
Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады.
"Патриот" деген сөз, гректің раігів - отан деген сөзі, ең біріншііІ рет 1789-1793 жылдары Француз төңкерісі кезінде қолда-м ылды. Монархияғақарсы күресіп революцияны қорғаушылар-дІ.ІІ Іатриоттар деп атады. В.И. Даль сөздігінде: Патриот -отанын с үіоіпі, оның ңуатын арттырушы, отаншыл - деп жазылса, басқа сөздікте "патриот-отанын сүюші, өз халқына берілген, ол үшін жанын ңиып, отан қорғау үшін ерлік көрсететін адам" - делінген. Философия сөздігіндегі "патриотизм - Отанды сүю, оған берілгендік, оның өткені мен болашағы үшін мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға ұмтылу". Педагогикадағыанықтамасы: адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлтаралық экономикалық және рухани байланыстардан көрінеді. Адам басқа ұлт өкілдерін құрметтейді, оның тіліне, ұлттық әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне тіл тигізбейді.
Патриотизм ұғымына енетіндер:
- адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі, Отанының мүддесін қорғау, азаматтың көрсетуі және Отанға адалдықты сақтау;
- елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне мақтану;
- оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау;
- өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін құрметтеу, Отан игілігі үшін еңбек ету.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мазмұнына енетіндер:
- әр түрлі елдердің және ұлттардың халқын құрметтеу;
- басқа халықтардың тілін, әдет-ғұрыптарын және салт-дәс-түрлерін сыйлау;
- басқа халықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі жетіс-тіктерге оң баға беру;
- олармен жақсы қарым-қатынаста болу.
Патриотизм мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін істелетін тәрбие жұмыстары.
Бұл аса аяулы сезімдерді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп болғанымен, төрт саласына тоқталсаң.
-  Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді. Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы.
•  Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.
•  Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы.
•  Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі.
Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық сана мен мінез ерекшеліктерінің орны ерекше.

дептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуі қажет. Жетілген мінез-құлық үш нерсенің - жүректің, ақылдық және қолдық бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет