Афиналық тәрбие жүйесінің (б.з.д. V-VI ғ.) мақсаты - әскери жауынгерлер дайындау ғана емес, білімді, қабілетті, жан-жақты үйлесімді дамыған жастарды тәрбиелеу
Афиналық тәрбие жүйесінің (б.з.д. V-VI ғ.) мақсаты - әскери жауынгерлер дайындау ғана емес, білімді, қабілетті, жан-жақты үйлесімді дамыған жастарды тәрбиелеу. 7 жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар анасының басшылығымен үйде тәрбиеленді, олардың тәрбие ісіне бекітілген құлдар көмек көрсетті;
Қыз балалар 7 жастан асқанда анасының басшылығымен үйде отбасы тәрбиесін жалғастырады; ер балалар үйде жекеменшік мектептерге қатысады;
7-14 жас аралығында грамматист (оқу, жазу, санау) және кифарист (саз, ән-күй, тақпақ айту) бөлімдерінен тұратын мусикалық (мусическая) мектепке барады (мұғалімдер – дидасколар деп аталды);
Ертедегі ғұлама грек ойшылдары Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель және т.б. Грецияда педагогикалық ойлардың пайда болуында және қалыптасуында ерекше орын алады.
Демокрит (б.э.д. 460-370ж.) - философ-материалист, атомистік теорияның негізін салушы:
Жеке тұлға дамуның материалистік тұжырымдамасын ұсынды. Ол дүние материалдық, бір-бірінен түрі және жағдайы жағынан ерекшеленетін атомдардан тұрады. Организмнің өмірі мен өлімі атомдардың бірігуіне және ыдырауына әкеледі;
Жанның өлмейтінін жоққа шығарды. Ол адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне байланысты деп түсіндірді;
Ортаға, үлкендердің үлгі-өнегесіне мән берді,
Материалистік таным теориясы бойынша білімнің басы түйсіктер екендігін, ал шындық ақыл арқылы іске асатындығын (теориялық ойлау), дәлелдеу, ақыл-ой тәрбиесінің мәселесін шешуде ерекше орында.
Сократ (б.з.д. 469-399ж.) – философ-идеалист: Демокрит (б.э.д. 460-370ж.) Сократ (б.з.д. 469-399ж.)
Негізгі қағидалары:
Негізгі қағидалары:
«Мемлекет» атты еңбегінде «Математикаға тәрбиеленген, оған жаттыққан балалардың өзі, тіпті олар бұдан ешбір пайда алмаса да, бұрынғыға қарағанда қабылдаушылық қасиеті арта түседі» деп тәрбиешінің түсіндіретін ұғымдарын берік ететін жаттығуға ерекше мән берген;
Шәкірт білімді, икемділікті игеруде, оқу дағдыларын дамытуда зор ұқыптылыққа ие болуы қажет. Ол оқуда табысқа табандылық танытуы, үнемі жаттығуы және шыңдала түсуі керек. Қабылдаушылық қана емес, сондай-ақ оқу қызметі дағдыларын да жаттықтыра түсуі қажет. Бала өз ақыл-ойын үнемі жетілдіріп отыруға міндетті;