Педагогика және оның даму тарихы 1.Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым 2. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы 3.Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым Педагогика ерекше ғылым ретінде философиялық білімдер жүйе-сінен XII ғасырдың басында бөлектеніп шықты. Ағылшын жараты-лыстанушысы және философы Ф. Бэкон /1561-1626/ 1623 жылы өзінін "Ғылымның қадір-қасиеті және жетілуі" атты трактатын жария етті. Бұл еңбегінде ол ғылымдарды сарапқа сала отырып, олардың арасында педагогиканы ғылыми білімдердің дербес саласы деп бөлектеді. Осы ғасырда-ақ, педагогиканың өзіндік статусы аса көрнекті чех педагогі Ян Амос Коменскийдің /1592-1670/ еңбектеріңде беки түсті. Оның теориялық идеялары дүние жүзіне кең танымал да, әрі осы күнге дейін өз маңызын жойған емес. Коменский әйгілі "Ұлы дидактика" атты еңбегінде балаларды оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оларды үйымдастырудың жолдары баяндады.
батыс еуропалық педагогика тарихыңда елеулі еңбегімен көрінген ғылым өкілдері келіп шықты. Олардың ішінде аса көрнектілері Англияда Джон Локк /1632-1704/, Францияда Жан-Жак Руссо /1712-1781/, Швейцарияда Иоганн Генрих Песталоцци /1746-1827/, Германияда Иоганн Гербарт /1776-1841/ және Адольф Дистерверг /1790-1866/ т. б. болды.
Джон Локк өзінің "Тәрбие жөніндегі ойлар" деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне және адамгершілік қалыптастыру мәселесіне үлкен мән берді. Баладағы тума қасиеттерді жоққа шығара отырып, ол нәрестені не сызса сол болатын "таза тақтаға" теңеумен, тәрбиенің үлкен әсерлі күш екенін баса айтты. Ал Жан-Жак Руссо, керісінше, баланы табиғаттан дарынды деп таныды. Осыдан, оның ойынша, "тәрбие баладағы тума қасиеттердің дамуына кедергі болмай, оған толық еркіндік беріп, әрі оның қызығулары мен құмарлығына икемделуі тиіс" - деген тұжырымға келді.
М.Г.Песталоцци педагогикада алғашқылардың бірі болып тәрбие мекемелеріңде теориялық қызмет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің маңыздылығын көре білді. Өзінің "Лингард пен Гертруда" шығарма-сында, ол тәрбиенің адамгершілікке негізделуі, балаларға сыйластық қатынас және оларда адамға деген мейірім мен қайрымдылыққа баулу хақындағы демократиялық идеяларын дамытты. Күнделікті педагоги-калық қызметінде Песталоцци балалардың оқуы мен тәрбиесін олардың мүмкіндігіне орай еңбекпен ұштастыруға көңіл бөлді, балалар қауы-мының тәрбиелік ықпалын пайдалана білуді уағыздады.
Педагогикалық идеялары кейбір мәселелерде дағдарыс, сипатқа ие болғанымен, педагогикалық теорияны өрістетуде елеулі рөл танытқан-дардың бірі - Иоганн Гербарт. Ол балаларды өрескел бұзық қол жазасымен тойтарып отыру қажет, олардың тәртібін үздіксіз қадағалап, арнаулы жорналға жазып отыру керек деп есептеді. Сонымен қатар, оның шығармаларында біршама пайдалы идеялар да баршылық. Ол алғашқылардың қатарында оқыту мен тәрбиенің психологиялық негіз-дерін жобалап берді, баладағы адамгершілік қасиетті қалыптастыру үшін оның саналылығын көтеріп, онымен сыйластық қатынас жасау қажеттігін жариялады.
Өзінің педагогикалық теориясын прогрестік-демократиялық бағыт-та дамытқандардың бірі - Адольф Дистервег. Ол өрістеткен аса құнды идеялар: балалардың оқу жұмысының белсенділігін арттыру, шәкірт-тердің өзіндік оқуына мән беру, сондай-ақ халық мұғалімдерін дайындау.
XVIII ғ. Германияда алғашқы рет мұғалімдерді дайындайтын арнайы оқу орны ашылып, онда ерекше ғылыми пән ретінде педагогика оқытыла бастады. Осының бәрі педагогикалық теорияның жедел дамуы-на себепші болып, ірі-ірі оқымысты педагогтардың қалыптасуына мүмкіндік берді.
Педагогикалық ойдың аса кемелденген орталығы Ресейде К. Д. Ушинский (1824-1870), Н. И. Пирогов (1810-1881), B.И. Водовозов (1825-1886), А. Ф. Лесгафт (1837-1909), Л. Н. Толстой (1828-1910) және т. б. оқымысты-педагогтардың еңбектері үлкен маңызға ие болды.
Ұлттық педагогикалық теория мен тәрбие мәселелері Ы. Алтынсарин, С. Көбеев, А. Байтұрсынов, C. Асфандияров сынды және т.б. кемеңгер ағартушы-педагогтардың еңбектерінде өз көрінісін тауып, біздің дәуірімізге дейін жетіп, егеменді ел ұрпағын тәрбиелеудің таптырмас құралына айналып отыр.
Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өздігінен пайда болып, жасамай, тұлғаны қалыптастырып, оны өмірге дайындаудың және оған қажетті қоғамдық сана мен қасиеттерді дамытудың құралы ретінде көрінеді. Осыдан, тәрбие заңдылықтары, оның сипаты мен әдістемелік негіздері тәрбиелік қызметтің өзінде ғана көрінбей, әлеуметтік тұлға сипатына ие адамның даму және қалыптасу заңдылықтарына негізде-леді. Сондықтан педагогиканың шұғылданатын мәселесі жеке адамның дамуы мен оның арасында болған заңдылықты байланыстарды зерттеу және оның негізінде тәрбиелік жұмыстардың теориялық және әдістеме мәселелерін шешу, яғни педагогика адам дамуы мен калыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған процесс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды.
ХХ ғасырдың ортасына дейiн педагогика баланы оқыту және тәрбиелеу туралы ғылым ретiнде танылды. Бiрақ, соңғы кезеңдерде өмiр (заман, қоғам) талабына сай тұлға ретiнде қалыптасып, жетiлу үшiн, тек балалар ғана емес, сонымен қатар үлкендер де бiлiктi педагогикалық басшылықты қажет ететiндiгi мойындалуда. Сондықтан, қазiргi кезеңдегi педагогика тек балалар тәрбиесi туралы ғылым ғана емес, ол сонымен қатар жалпы адамзат баласының тәрбиесi туралы ғылым.
Педагогика оқулықтарында, жекелеген ғалымдардың зерттеу жұмыстарында, сөздіктер мен анықтамаларда педагогика ғылымына берген анықтамалар көп және әртүрлі. Соларды жалпылай келе, қорытындылайтын болсақ, педагогика – тәрбие туралы ғылым болып табылады.
Педагогика ғылымының басты негізгі міндеті – адам тәрбиесі туралы ғылыми білімдерді жинау, тәрбие заңдылықтарын ашу, педагогтарды оқу-тәрбие процесінің теориясы бойынша білімдермен қаруландыру.
Педагогика деген сөз гректiң „пайдос“ балалар, „аго“ жетелеу деген сөзiнен шыққан. Сондықтан „пайдагогос“ сөзінің сөзбе-сөз аударма-баламасы „баланы жетелеп жүрушi“ деген мағынаны бiлдiредi. Ертедегi Грецияда өз қожасының баласын қолынан ұстап, жетелеп мектепке алып барушы құлды педагог деп атаған, ал баланы мектепте көбiнесе оқымысты басқа құл оқытқан. „Педагогика“ сөзi кейiнiрек „баланы өмiр ағынымен жетелеу“ өнерi ретiнде, яғни баланы тәрбиелеу, оқыту, оның рухани дамуына және дене жағынан дамуына бағыт беру өнерi ретiнде түсiнiлетiн болды.
Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты.
Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде алғаш рет педагогиканың зерттейтін пәні, оның міндеттері және негізгі ұғымдары анықталып, балалардың ата-аналарының әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық балалардың бәрін бірдей оқыту идеясы айтылды.
Я.А. Коменский алғаш рет класс- сабақ жүйесінің негізін жасады.
Педагогикалық ойлардың қалыптасуына орыстың ұлы педагогы, ойшылы, философы Константин Дмитриевич Ушинский зор үлес қосты. Қазір жерде тіршіліктің сақталуы бүкіл адамзаттың қажеттілігіне айналып отыр. Бұл қажеттілік – адамзат қоғамы дамуының қозғаушы күші. Адамзат қоғамының дамуы үшін қоғамның өзі адамдардың кейінгі ұрпақтарына әлеуметтік тәжірибені беруді жүзеге асыру керек.