Педагогика және оның даму тарихы Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым


Педагогиканың әдіснамалық негіздері



бет2/3
Дата07.04.2023
өлшемі126,2 Kb.
#80262
1   2   3
Байланысты:
1-2лекц

Педагогиканың әдіснамалық негіздері.
Ғылымның әдіснамасы дегеніміз – ғылыми танымның құрылу принциптері, түрлері мен тәсілдері туралы ілім .
Педагогикалық зерттеуге, олардың жалпы мақсатқа жету жолына стратегиясына, зерттеу әдістерін таңдап алуға және оның нәтижелерін жалпылауға интерперетациялауға (түсіндіруге) әдіснамалық тұрғыдан қарауды материалистік диалектика, бейнелеу, және таным теориясы анықтайды.
Педагогиканың ғылыми диалетикалық материалистік әдіснамасы ғалымдардың еңбектерінде қалыптасты. Олар тәрбиенің қоғамдық болмыс сипатына, қоғамдағы өндіргіш күштермен өндірістік қатынастардың дамуына оның түрлеріне тікелей тәуелділігін көрсетті, тәрбиені мақсаты мен принциптерін тұжырымдады.
Диалектикалық- материалистік тұрғыдан қарау педагогикалық іс – әрекет барысын және құбылыстарын жан – жақты зерттеуді, осы екеуінің арасындағы ішкі және сыртқы өзара байланысының сипатын ашуды, бұларды қозғалыс, өзгеріс күйінде қарауды, олардағы сандық өзгенрістердің сапалақ өзгерістерге көшуін көре білуді, ішкі қарама – қайшылықтарды, қарама – қайшылықтардың бірлігін, осының негізінде зерттелетін құбылыстар мен іс – әрекеттер барысының қозғаушы күштерін ашуды, танымда бекерге шығаруды бекерге шығару заңын басшылыққа алуды, тәжірибе таным бұлағы және теорияның ақиқаттылығының көрсеткіші болғандықтан зерттелуші құбылыстардың теориясы мен тәжірибесін бірлікте талдауды талап етеді.
Тәрбие мәңгілік болып табылады. Ол адамзат қоғамының пайда болуымен қатар жарық көрді және оның дамуының барлық кезеңдерінде өмір сүреді. Ата – аналар тәжірибелерін тәжірибесі аздарға өз тәжірибесін береді. Бұл кезде тәрбиеленушілер іс – әрекетке, қарым – қатынасқа белсенді қатынасады, өз санасын өздері байытады. Іс – әрекет, еңбек, тәртіп, өздерін қоршағандармен қарым – қатынас, табиғатпен өзара әрекет нәтижесінде адамдар қоғамдық нақты өмір салтын қабылдайды.
Педагогиканың обьектісі даму, қалыптасу үстіндегі адамзат баласы болып табылады.
Ал зертейтін пәні саналы және мақсатты түрде ұйымдастырылған педагогикалық процесс болып табылады.
1 кесте



2 кесте

3 кесте





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет