Педагогика және психологии институты



Дата22.12.2023
өлшемі176,06 Kb.
#142513
Байланысты:
Тастанбек Динара қазақ тілі


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті


Педагогика және психологии институты

Бастауыш білім беру бизнес инновациямен


Пәннің атауы: Жаңартылған мазмұндағы “Қазақ(орыс) тілі”оқу пәнін оқыту әдістемесі


Орындаған: Тастанбек Динара


Қабылаған: Жұмаш Ж
Алматы, 2023ж
СОӨЖ 15.


С.Рахметованың «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесінің негіздері» оку кұралында берілген «Байланыстырып сөйлеу әдістемесі» бөліміндегі мазмұндама, шығарма жұмыстарының түрлері мен жүйесін анықтау


СОӨЖ 15. Мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету жолдарына қатысты еңбектерді талдау

Балалардың мектепке келіп түскен кездегі психикалық және дене даму ерекшеліктері жөнінде оқулықтарда берілген мағлұматтарға сүйене отырып, мазмұндама мен шығарманы да осы кезден, екінші сыныптан бастап жүргізуге толық мүмкіндік бар екені зерттеулер бойынша анықталған-ды. Шығарма мен мазмұндама жұмыстары: 1. Балалардың психикалық процестері ( түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял) мен сезімін, еркін күшейтеді, әсіресе,ой қызметінің белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығындағы өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін тездетеді.


Оқушыларды мазмұндама мен шығарманың жазылуына үйретуде біз дидактиканың негізгі талаптарына сүйенеміз. Бастауыш мектептерде мазмұндама мен шығармаға үйрету жұмыстарында, басқа пәндердегі сияқты, оның ғылымилығы, теорияның практикамен байланысы, көрнекілік, саналылық, оқушылардың белсенділігін арттыру және жүйелілік пен беріктік принципі ескеріледі.
Оқушыларды мазмұндама мен шығарма жазу үйрету барысында оларға қандай білік, дағдылар берілетіні белгіленеді. Өйкені оқушының бойында бар білік пен дағдыны қалайша пайдаланып, оларды жаңадан қандай дағдыларға төселдіріп, білікке үйрететінімізді біліп алмайынша, жұмыстан белгілі бір нәтиже күту қиын.
Шығарма және оның түрлері
Жоғарғы сыныптарда шығарма жаздыру әдістемесін зерттеуші Е. Дайрабаев шығарма мен мазмұндаманың айырмашылығын айқын атап көрсетті. "Мектепте жүргізілетін шығарма дегеніміз белгілі тақырып бойынша өз ойын жоспарлы түрде баяндау. Шығармада оқушының өзі туралы, өнер жөнінде, оқыған немесе талдаған әдеби туынды жайындағы ойлары баяндалады. Оқушы тиісті тақырып бойынша мәтінді өзінше жазады".
"Шығарма" терминін бастауыш мектеп балаларының жұмыстарына қолданғанда оқушылардың өмірде өз көрген-білгендерін белгілі бір тақырып ауқымында түсінікті түрде, жүйелі әңгімелеп беруін айтамыз. Бастауыш сыныптарда балалардың жазатын шығармаларын мынадай топқа жіктеуге болады:
1) Оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты; 
2) Экскурсия бойынша
3) Өнер саласына (сурет, кино, куыршақ театрының спектакльдері, т.б.) байланысты;
4) Оқушының іс-әрекетіне (ойын; еңбек-, (т.б.) байланысты тақырыптар. Шығармада оқушылар өз ойларын қандай көлөмде көрсетуіне ерікті бола тұрғанмен, әр сыныптағы шығарма көлемінің шамасын белгіледік. 
Оқушылардың жазған шығармаларының (көлемі шамамен: 1 сыныпта 20-30 сөз.
2 сыныпта 30- 60 сөз.
3 сыныпта 60-130 сөзге дейін барады

Дайын әңгіме бойынша мазмұндама Мазмұндаманың бұл түрі атына лайық бір алдын дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге көшу принципімен жүргізіледі. Соған орай ол бірнеше сатыға бөлінеді: Мәтіннің құрылысы мен тәртібін сақтай отырып, жазу. Бұл әдіс, көбінесе 1-сыныпта қолданылады. Мазмұндаманың бұл түрі 1- сыныпта былайша ұйымдастырылады: "Орманда бір топ ара тұрыпты. Бәрі еңбекқор болыпты. Үнемі гүлден шырын жинапты. Өздері тату тұрыпты. Сондықтан балдай тәтті өмір сүріпті".


Бұл мәтін сабаққа дейін тақтаға жазылып қойылады немесе мұғалім үлкен қағазға алдын ала үлкейтіп жазып қояды да, тақтаға іледі. Мәтінді оқымас бұрын мұғалім балалардан араны көрген-көрмегендерін, ол жөнінде қандай ертегі, әңгімелер білетіндерін сұрап, ауызша әңгіме айтқызады. Мұндай әңгімені 1-2 күн бұрын ұйымдастыруға да болады.
Әңгімені дүниетанудан алған білімдерімен ұштастырып, араның адамға қандай пайдасы бар екеніне де тоқталған жөн .Сабак басталғаннан кейін дайын мәтінді балалар оқып шығады. Мәтініндегі шырын, балдай тәтті өмір, тату, т.б. сөздері түсіндіріледі. Мәтінен балалар екі қайтара оқып шығады. Мәтінді балалардың өздеріне оқытудың пайдасы сол, олар мәтіндегі сөйлем құрылысымен, көптеген сөздердің жазылуымен танысады, яғни балалардың есту, көру сезімдері катар қызмет атқарады. Мәтін оқылып болғаннан кейін сыныпқа сұрақ қойылады. Сұрақ алдымен ауызша қойылып, оқушылар тақтадағы мәтінмен ол сұрақтарға жауап береді. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін мұғалім оны толықтай бір оқып шығады. Осындай жұмыстан соң мұғалім тақтадағы матінді жауып қойып, екінші тақтадағы алдын ала жазылып қойған сұрақтарды ашады.
1. Сурет бойынша мазмұндама 
Мұнда балалар суреттің мазмұнын түсінуге үйренеді. Мазмұндаманың бұл түрін бірнеше топқа бөлуге болады. 

2. Дайын сурет бойынша мазмұндама 


Мұғалім алдын ала дайындалған сурет береді, ал оқушылар сурет бойынша мәтін құрайды. Мазмұндаманың бұл түрі бастауыш сыныптарда бір сюжетті бейнелейтін бірнеше сурет арқылы да жаздырылады. 

3. Кино, диафильм бойынша мазмұндама


Кино, диафильм соңғы жылдарда мектеп 
өмірінен берік орын ала бастады. Кино оқушылар арасында оқу-тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы ықпалды құралдардың біріне айналып отыр. Мектеп жасына дейінгі және мектен жасындағы балаларға арнап шығарылған диафильмдер мен мультфильмдердің дені орыс тілінен аударылады. Қазақ мектептерінде оқу-тәрбие жұмысында кино, диафильмдерді пайдалануды дұрыс жолға қойып, көпшілік мүддесіне айналдыру үшін, әрине, алдымен мектептерді қазақ тілінде шыққан кино, диафильмдермен қамтамасыз ету қажет. Фильм көрсетілер алдында балалардың көңілін сол фильмде болатын оқиғаға аудару үшін кіріспе әңгіме айту керек және бастауыш сынып оқушыларын экран материалдарын игеруге бірте-бірте үйрету қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет