Байланысты: көру қабілеті бұзылған балалардың математикалық білімдерін қалыптастыру әдістемесінің мазмұны тастанбекова
2.2 Арнайы мектепте математиканы оқыту әдістері Оқыту әдісі оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп атқаратын қызметі мен қарымқатынасының амал-тәсілдері. Оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру 22 тәсілдері. Оқыту әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. Оқыту әдістерін таңдау келесі факторлар қатарымен қамтамасыз етіледі: - қазіргі даму кезеңіндегі мектеп міндеттерімен; - оқу пәнімен; - оқытылатын материалдың мазмұнымен; - оқушылардың жасымен және даму деңгейімен; - оқушылардың оқу материалын меңгеруге дайындығының деңгейімен. Оқыту әдістерін таңдауға түзете оқыту мектебіндегі оқытудың түзетуге деген бағыттылығы, оқушыларды белгіленген мамандықты меңгеруге дайындау, сонымен қоса әлеуметтік бейімдеу міндеттерін шешу өз әсерлерін тигізеді. Оқушыларды жаңа білімдермен таныстыру барысында әңгімелеу әдісі қолданылады. Математика әдістемесінде бұл әдіс білімдерді мазмұндау деп аталады. Осы әдіспен қатар кең таралған әңгіме әдісі. Әңгіме барысында мұғалім оқушыларға сұрақ қояды, оларға берілетін жауап оқушылардағы бар білімдерін қолдануды көздейді. Мұғалім оқушылардың білімдеріне, бақылауларға, өткен тәжірибесіне сүйене оқушыларды жаңа білімдерге бірізділікпен әкеледі. Жаңа білімдерді бекітуге, іскерліктердің қалыптасуына, білімдерін жетілдіруге өзіндік (дербес) жұмыс әдісі қолданылады. Осы әдісті қолдана отырып, кейде мұғалім жаңа теориялық білімдерді оқушылар өз бетінше игеріп ұқсас ситуацияда, кейде тіпті жаңа ситуацияда қолдана алатындайғып оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырады. Сонымен, мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекетінің ұйымдастырылу формасына (түріне) тәуелді оқытудың келесі әдістері белгіленеді: білімдерді мазмұндау, әңгіме, өзіндік жұмыс. Дидактикада білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бөледі: 1. Сөздік әдістер тобы (әңгімелеу немесе білімдерді мазмұндау, әңгіме, оқулықпен (кітаппен) немесе басқа басылым материалмен жұмыс жасау); 2. Көрнекілік әдістер тобы (бақылау, заттарды немесе олардың бейнелерін демонстрациялау); 3. Практикалық әдістер тобы (өлшеу, геометриялық фигураларды сызу, илеу, жапсырма, модельдеу, сандық есептердің мәнін табу және т.б.). Оқушылардың оқу іс-әрекетін (репродуктивті, продуктивті іс-әрекет) ұйымдастыру жолдарына тәуелді келесі әдістер ажыратылады: түсіндірме-иллюстративті әдіс, мұғалім оқушыларға дайын ақпаратты береді, ал олар оны саналы қабылдап естерінде сақтайды; репро- 23 дуктивті әдіс, мұғалім тапсырманы орындау үлгісін береді, одан кейін оқушылардан осы үлгіге сәйкесті білімдерді, әрекеттерді (амалдарды), тасырмаларды еске түсіруін талап етеді; ішінара (жартылай)-іздену әдісі, оқушылар қойылған міндеттің шешу жолдарын іздеуге ішінара (жартылай) қатысады. Бұл жерде мұғалім қойылған міндетті бөлшектерге бөледі, оқушыларға есептің шешілу жолдарын ішінара (жартылай) көрсетеді, ал ішінара (жартылай) оқушылар есепті дербес шығарады.