Педагогика және психология институты



бет2/7
Дата02.03.2023
өлшемі42,96 Kb.
#71317
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
көру қабілеті бұзылған балалардың математикалық білімдерін қалыптастыру әдістемесінің мазмұны тастанбекова

Міндеті: Баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын және ерік пен сезімге қатысты белсендігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;
математиканы қоршаған болмысты танып білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
заттық-тәжірибелік, танымдық іс-әрекетін дамыту және қалыптастыру;
оқу сабақтарына деген қызығушылықты басқа балалармен және ересек адамдармен өзара іс-әрекетте жасай білуге үйрену


Кіріспе

Математика – пәнаралық байланыс аясы кең, мектепте оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Математика пәнін оқытуда жалпы білім беретін мектептерде қандай мақсаттар мен міндеттер қойылса, дәл сол мақсаттар мен міндеттер арнайы мектепте де қойылады. Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу, қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастырады. Математиканың бастапқы курсын оқып үйрене отырып, оқушылар талдау, жинақтау, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен ісәрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады. Математика пәнінің баланың тұлға ретінде қалыптасуына да зор үлесін қосады. Мәселен, білім алуда ерекше қажеттілігі бар баланы кәсіби еңбекке баулу, болашақта мамандық таңдауда да бастапқы математикалық білім қажет. Арнайы мектептегі математика пәнінің негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Осы мақсатқа сәйкес пәннің келесідей міндеттері айқындалады: логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту; геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту; сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту; математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау; өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну; білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту; қарым-қатынастық және әлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын 5 дамыту; ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту. Бүгінгі таңда білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды белгілі көлемде білім дағдыларын меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсінік беріп, ұғымын кеңейте отырып оларды шығармашылық бағытта жан-жақты үйретуде үздіксіз іздену –арнайы мектеп мұғалімдеріне қойылып отырған басты талаптардың бірі.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет