Педагогика және психология институты


Арнайы мектепте математиканы оқытудың дайындық кезеңі



бет4/7
Дата02.03.2023
өлшемі42,96 Kb.
#71317
1   2   3   4   5   6   7
2.Арнайы мектепте математиканы оқытудың дайындық кезеңі

Көру қабілеті бұзылған балаларға математиканы оқыту үрдісі арнайы пропедевтикалық (дайындық) кезеңінен басталады. Бұл мерзім ішінде мұғалім білім беру, түзету және тәрбие мәселелерінің көбісін шешеді. Математиканы оқытудың негізгі білім беру мақсаты – көру қабілеті бұзылған балаларды жүйелі математикалық білімдерді қабылдауға үйрету. 1- сынып оқушыларының өлшемдік, кеңістіктік, уақыт жөніндегі мәліметтерді қалыптастыру. Т.В.Розанова математикалық білімдердің меңгерілуін толық қамтамасыз ететін әдістемелік талаптарды анықтады. Бұл талаптар оқушылардың кемшіліктерін, дүниетаным ерекшеліктері мен жастық айырмашылықтарын ескереді. Дайындық кезеңіне келесі талаптар қойылады: - заттық-тәжірибелік әрекеттерді ұйымдастыру (өлшем, уақыт, кеңістік, қатынастар жайлы түсініктер); 28 - тілдің белсенді түрін дамыту, оны математикалық ұғымдармен байыту; - ойлау операцияларды жетілдіру (сұрыптау, қорытындылау). Математикалық білімдердің оқытылуы сабақта жүзеге асырылады. Сабақ – білім берудің негізгі формасы болып табылады. Арнайы мектептерде дайындық кезеңінде өткізілетін сабақ 35 минуттан аспауы қажет. Сабақтың жоспары балаларды жан-жақты зерттеу мүмкіндігі болатындай және математикалық білімдердің қорын жетілдіретіндей құрастырылуы керек. Бұл кезеңде сабақтың дидактикалық және көрнекілік материалымен толық жабдықталуы қажет. Сабақта түгел сыныппен жаппай (фронтальды) жұмыс өткізіледі. Бұнда мұғалім балалардың сақталған қабілеттіліктеріне сүйенеді. Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіріп, белгілі бір көркемдік суреттерді көрсетсе, ондағы заттарды, өлшемдерді атаса, оқушылар соны қайталауы қажет. Сондықтан да мұғалім сабақта қолданатын барлық сөздерін, сұрақтарын, суреттері мен құралдарын алдын ала ойластыруы қажет. Қолданылатын әдістер балалардың мүмкіндіктеріне сай болуы керек. Мұғалімнің тілі жай қарапайым сөйлемдерден тұрса, айтылған нұсқаулар да бөлшектеніп берілгені дұрыс. Мұғалім оқу үрдісінің тек ұйымдастырушысы ғана емес, оның басқарушысы болады. Балаларды топтық жұмыстарға тартып, барлығы бірге жауап беруді сұрауы қажет. Бұл оқушылардың зейінінің жоғалып кетуін болдырмайды. Әрбір әрекеттің соңында мұғалім балаларды қорытынды жасауға үйрету керек. Өткен тақырыптарды қайталау жұмыстарын ұйымдастыру әр сабақта шартты түрде өтілуі қажет. Егер өткен тақырып ұмытылса, оны тағы да қайталап, бекітіп, сонан соң ғана жаңа білімдерді меңгеруге болады. Қайталау жаңа тақырыптың сапалы игерілуін қамтамасыз етеді, білім-білік, дағдыларды дамытады. Бір сабақта әртүрлі тақырыптардың қайталануы мүмкін. Мұғалім оқушыларды шаршатпай, қадағалап, сергіту сәтін, іс-әрекеттердің түрлісін өткізуге тиісті. Дайындық кезеңінде дидактикалық және қозғалыс ойындары маңызды. Оларды тек сыныпта ғана емес, ойын бөлмелерінде және мектеп алаңында да өткізуге болады.


2.1. Арнайы мектептегі математика пәнінің оқу бағдарламасы
Қазіргі уақытта көру қабілеті бұзылған оқушыларды оқыту үшін бүкіл оқу пәндері бойынша, да оқыту жоспары мен бағдарламаларының түрлері ұсынылады. Математиканың жүйелі курсы 1-ші сыныптан бастап 9 сыныпқа дейін оқылады. Оқу жоспарының біреулерінде 1 сныпта оқуға дайын емес немесе диагнозын дәлдеуге және баланы оқуға жіберетін мақсатқа лайық білім беретін мекеменің түрін анықтауға қажет процедевтикалық-диагностикалық 0-ші сынып ескеріледі. 0-ші сыныпта балаларды математикалық материалды қабылдау мен саналы түсінуге дайындайтын, балалардың мектепке дейінгі кезеңдегі даму ақаулақтарын толықтыратын «математика әліппесі» енгізілген. Әр оқу жоспарларындағы математиканы оқуға арналған сағат саны әртүрлі, сондықтанда сәйкесті бағдарламалардағы математикалық материалдың көлемі де әртүрлі. Математика бойынша мазмұнды материалды іріктеуде кәсіби еңбекке оқыту түрлері ескеріледі, сонымен қоса түзете оқыту мектеп түлектері оқуын арнайы кәсіби-техникалық білім беретін мекемелерінде немесе оқу-өндірістік кешендерде жалғастыратындығын ескеру қажет, түлектердің көбісі мектепті аяқтаған соң ӛндірістік және ауылшаруашылық мекемелеріндегі, фермерлік шаруашылықтағы, қызмет ету саласындағы ӛндіргіш еңбекке кіріседі, жеке еңбек іс-әрекетімен айналысады. Зияты зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзете-оқыту) мектептің математика бойынша және жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының бағдарламаларын салыстырғанда негізгі бӛлімдердің атауларында ғана ұқсастық байқалынады. Түзете оқыту мектебіндегі математикалық материалдың кӛлемінің, мазмұнының және оқу жүйесінің өз ерекшелігі бір. Бұл түзете оқыту мектеп оқушыларының білімдерді меңгеру, есіне сақтау және қолдану ерекшеліктерімен түсіндіріледі. 14 Көру қабілеті бұзылған оқушылар жаңа білімдерді көп күш салып және уақыт кетіріп, баяу, көптеген қиындықтармен меңгереді, сондықтанда әр сыныптың бағдарламалық материалы бірталай шамалы көлемде беріледі.Мысалы, 1-ші сыныпта оқушалар пропедевтикалық кезеңнен кейін тек 1-ден бастап 5 санын өтеді және 5 көлеміндегі қосу және азайтуға үйренеді; құны, ұзындығы өлшемдерімен танысу 1 сыныптан басталады да 8-9 сыныптарда аяқталады, үлестер мен жай бөлшектерді оқу 4 сыныптан басталып 8-9 сыныптарды аяқталады. 2. Бағдарламадағы материалдың орналасу ерекшелігі болып алдыға қарай «алдыға жүгіру», түрлі ұғымдардың қалыптасуына оқушыларды жетекшілік ететін дайындық жаттығулардың болуы саналады. Мысалы, айырмаларды салыстыру ұғымдарын оқушылар 4-ші сыныпта өтеді, ал қатар тұрған сандарды салыстыруды 1-ші және 2-ші сыныпта өтеді. 3. Зияты зақымдалғаноқушылардың, қалыптасатын ұғымдардағы мәңді белгілерді (аталмыш ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы, ұқсастығы немесе қарама-қарсылығы) қиындықпен анықтайтындығын, егер де сырт әлпеті ұқсас болса түсініктерді ұқсастыратындығын ескере отырып, бағдарлама мұғалімді оқыту кезеңінде теңеу, салыстыру және қарсы койып салыстыру тәсілдеріне сүйенуді көздейді. Мысалы, айырма қосумен салыстыруда қарастырылады (қарама-қарсы амалдар). 4. Арнайы мектеп оқушыларының есте сақтауының баяулығын және тез ұмытуға бейімділігін есепке алып, бағадарлама жаңа материалдышамалы үлестермен оқтытып әрдайым бекітумен қатар өткенді қайталауды көздейді. Мысалы, сыныпта «Бірінші жүздік» когцентрін қайталауда оқушылар разрядтық бірліктерді есіне түсірумен қатар разряд туралы, әр разрядтың улкен және кіші саны, 5-шу сыныпта – сандарды дөңгелету туралы түсініктерді алады. 5. Көру қабілеті бұзылған оқушылардың дерексіз, абстрактты ойлауы әлсіз дамығандығын, оқушыларды кейбір жалпылауға, тұжырымдарға, ережелерге, заңдылықтарды анықтауға, түрлі ұғымдарды қалыптастыруға жетелеп әкелу, тек шынайы объектілерді, нақты заттармен практикалық әрекеттерді бірнеше рет бақылау негізінде мүмкіндігін ескере отырып, бағдарлама мұғалімнің көрнекілікті, дидактикалық материалдарын кеңінен қолдануын көздейді. 6. Түзете оқыту мектебінің басты міндеттерінің бірі болып оқушыларды өмірге дайындау, оларға түсінікті, мүмкіншілігіне сай мамандықтарды меңгеруіне, еңбекке шамаға шақ қатысуға дайындау саналады. Сондықтан да оқушыларға практикалық біліктер мен дағдыларды дағдыландыру үшін бағдарламаларда үлкен орын беріледі. 7. Практикалық біліктер мен дағдылардың қалыптасуымен қатар бағдарлама оқушылардың индуктивті жолымен, басқаша айтқанда нақты болмыстың құбылыстарын, заттар жинағымен істелінетін практикалық әрекеттерді бақылау барысындағы жалпылау жолымен, қабылдайтын кейбір теориялық білімдерімен танысуды көздейді. 15 8. Арнайы мектеп оқушыларының құрамы біркелкі еместігін және математикалық білімдерді меңгеруде оқушылар мүмкіндіктерінің әртүрлігін ескере отырып, бағдарлама математикаға оқуытуда балалардың әртүрлі категориясына оқу талаптарын дифференциациялаудың (саралаудың, жіктеудің) қажеттілігін көрсетеді. 9. Бағдарлама мұғалімді түзете оқыту мектебінде математикаға оқытудың негізгі түзете-дамытушы міндетін шешуге жетекшілік етеді. Математика бойынша бағдарлама түсініктемесінде математикаға оқыту үдерісін, түзете оқыту мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің кемшіліктерін түзету мен жалпы даму деңгейін жақсарту мақсатында қолданудың қажеттілігі туралы айтылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет