Педагогика және психология кафедрасы



бет1/3
Дата17.10.2023
өлшемі231,55 Kb.
#117176
  1   2   3
Байланысты:
Басқару 2 тема

Тақырып: «Басқару психологиясы пәні мазмұны, мақсаты, міндеттері

мақсаты

  • «Басқару психологиясы» пәнін жоғары оқу орындарында оқытудың мақсаты – білім алушылардың қазіргі кезде басқару мәселелері туралы психологиялық ой-пікірлердің қалыптасып, дамуын танып-біліп, меңгеруіне арналған.

Басқару психологиясының қалыптасып, дамуы

  • Басқару өте ертеден белгілі қызмет болғанымен жаңа ғылым болып есептелінеді. Өйткені,басқару ғылымы үнемі жинақталатын білім мен әдістер және оларды алу тәсілдерінің жиынтығынан тұрады. Басқару психологиясы бір адамның екінші адамға, топқа немесе тұтас қоғамға ықпалының табиғатын және оны жетілдіру тетігі туралы жаңа мәліметтерді үнемі іздестіріп, зерттеп отырады.

Басқару психологиясының өзіне тән зерттеу пәні

  • Ол басқару процесін ұйымдастыру және сол процесс кезіндегі адамдардың қарым-қатынасының заңдылықтарын зерделеп, зерттеу объектісінің ерекшеліктеріне сәйкес методологиялық негізін анықтап, басқару объектісіне белсенді ықпал ететін әдістер мен жүйелерді жасау және зерттелетін процесті болжап, алдын алу әдістерін анықтау.

Басқару әрекетінің мазмұны

  • Басқару психологиясын зерттеу «адам-адам» байланыс жүйесі бойынша түрлі деңгейдегі ықпал ету мен басқарудың диалектикалық сипатын көруге жағдай жасады.
  • Мазмұнына қарай басқару әрекеті өте күрделі және сан қырлы. Ол адамның күш қуатын, жігерін талап ететін ақыл, ой және дене іс - әрекеті. Басқарудың мақсаты берілген әрекеттерді бағынушылардың орындауы және белгілі бір тапсырмалардың шешілуі болып табылады. Бұл пән басқару жүйесіне басшы мамандарды дайындаудың барлық түрлерінде енгізілген

Басқару ғылымының басты мақсаты

тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жасауға қажет психологиялық құбылыстарды сипаттап, жүйелеу және олардың арасындағы байланыстар мен себептерін анықтау. Сонымен қатар басқару процесі басшының мынадай негізгі іс-әрекеттері арқылы іске асады. Олар: басқару ұйымының жеке құрылымдарын, жағдайын және өзгерістерін диагностикалау және болжау, бағыныштылар іс-әрекетінің бағдарламасын қалыптастыру, басшының өз жұмысының тиімді болуын қарастыруы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет