Педагогика және психология кафедрасы


ІІ.Баланың психикасының дамуына әсер ететін іс-әрекет түрлері



бет2/5
Дата06.03.2023
өлшемі51,11 Kb.
#71951
1   2   3   4   5
Байланысты:
Психология 1БОЖ

ІІ.Баланың психикасының дамуына әсер ететін іс-әрекет түрлері
а)Баланын ойын іс - әрекеттерінің дамуы
Барша тіршілік иелері қоршаған дүниемен өмірлік маңызы бар байланыстар жасап ері оны қажетіне орай өзгертіп, өзінше бағыт-бағдар тандауга кабілетті, яғни белсенділік көрсете алады. Тіршіліктің жалпылама сипатын қамтыған адам қоғамындағы белсенділік өз ерекшелігіне орай айрықша көрініске ие. Бұл белсенділік көрінісі іс-әрекет деп аталады. Бала іс- әрекеті - курделі құбылыс. Оның қыр-тараптарын әртүрлі ғылымдар зерттейді: әлеуметтік мағынасын-қоғамдық ғылымдар; физиологиялық механизмдерін-физиология; ал психология iс-әрекеттің психикалық болмысын танумен шұғылданады. Іс-әрекет психологиясын зерттеуде, әдетте, назарға жеке, дара адамның іс-әрекеті алынады, ал кейінгі уақыттары психологиялық зерттеулердін объектіне бірлікті, ұжымдық іс-әрекет те алынып жүр. Бала іс- әрекетінің нәтижесі нақты бір өнім. Ал осы өнімді әрбір жеке адам көбіне өзі үшін емес, қоғам игілігі үшін өндіреді, жаратады. Өз кезегінде, осы қоғамның көптеген мүшелерінің өнімі әрбір жеке адамның мүддесін қамтамасыз етуге жұмсалады. Тіпті адам бір нәрсені тек өз қажеттігіне жасап жатканның өзінде, ол өз еңбегінде басқалардан алған білімдерін қолданып, олардың төжірибесін пайдаланады.
Іс-әрекет когамдық-тарихи категория. Шынында да, қалаған іс -әрекет қоғам қызметінемен тығыз байланыста, әрбір тұлға-басқа адамдармент қарым қатынасымен ерекшеленеді. Жеке іс-әрекет қоғамдық іс - әрекеттің тетігі, нақты - көріністегі бөлігі ретінде қаастырылады. Қоғамдық байланыстар мен қатынастардан тыс жеке, дара іс әрекет жасалмайды. Жеке іс әрекет қоғамдық іс - әрекеттің құрылымды бөлігі болғандықтан, оны зерттеп талдау да осы жеке әрекеттің қоғам өміріндегі рөлін білуден басталғаны жөн. Сондықтан жеке іс-әрекет белгілі коғамның кезендік тарихи сатысындағы қалыптасқан нақты қоғамдық қатынастар жүйесімен байланыстырыла зерттелуі тиіс.
Қоғамдық қатынастар жеке адамдардың іс-әрекетіне тыс болуы мүмкін емес. Керісінше, іс-әрекеттің қайсысы болмасын қоғамдык қатынастардың іске асуын, байкататын негізгі формалардың бірі. Белгілі қоғамдағы іс-әрекет түрлері сол қоғамдағы өндірістік күштердің даму деңгейі және қалыптасқан қоғамдық қатынастар жүйесімен анықталады. Іс-әрекетте ғана адам коғамдық тұлға, азамат болып танылады. Іс-әрекет әрдайым міндетті түрде психика қатынасумен түзілетін субьекттің объектпен байланысы. Қандай да бір іс-әрекетті орындау барысында адам бір нәрсені қабылдауы, есінде қалдыруы, ойлауы, оған зейін аударуы кажет: әрекет желісінде оның кандай да көңіл - күй шарпулары (эмоция) туындап, ерік сапалары іске қосылады, ниет- ұстамдары (установки) мен қатынастары қалыптасады. Бұларсыз ешбір іс-әрекет болуы мүмкін емес. Біз психикалық деп анықтап жүрген адамдағы процестер, қалыптар мен қасиеттердің бәрі осы іс- әрекет барысында қалыптасады, дамиды, көрініс береді. Іс-әрекет қырларының ішінде психологияның зерттейтіні - іс-әрекеттін субьективтік жоспары, яғни әрекетшең адамның дүние шындығын өзінше бейнелеу деңгейі және формалары. Бұл бағытта психологияны қызықтыратын факторлар: себеп-түрткі (мотив), мақсат қою, ерік жұмсау, эмоциялар білдіру ж.т.б. қоғамдық қатынастарды субъективті бейнелеудің арнайы формалары. Субъектке байланыссыз іс-әрекет ешкандай психологиялық сипатқа ие емес. Ондай қасиет тек әрекет иесі субъектте ғана болады. Белгілі жағдайда адамды, нақты іс-әрекетке бағыттайтын ықпал кандай нәрсе? Адамды барша тіршілік сияқты белсенді іс-әрекетке келтіретін күш бұл қажетсіну, яғни индивидтің өзінің тіршілік және дамуының кажеті. Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандыктан, онын да озіне тен мотивтері болады. Мәселен, дәрігер ауру адамды емдегенде өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігеp болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасындағыларды өзінше "емдейді". Бірақ бұл оның жай қызығуынан туған. Ойынның қозғаушы күші - баланын нақты тілегі мен қызығуы.
Еңбек үстінде адамның мақсаты мен мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. Енбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы кажет. Бұл айтылғандар ойыннан талап етілмейді. Бұдан ойынның ешқандай маңызы жок деген қорытынды тумайды. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байкап көреді. Кейбір шетел психологтары ойынды кобінесе санасыз инстинктерге балайды. Мәселен, олардын бірі - жануар төлі мен адам баласының ойынының арасындағы айырмашылыкты жоққа шығарса (К. Гросс), екіншілері ойын баланын артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл дейді (Г. Спенсер), ал үшінші біреулері — ойынды жай рақат табудың бір кезі (Қ. Бюлер) деп қарайды да, оның негізгі мотиві керсетілмейді, мұндағы коғамдык фактордың рөлін еске алмайды. Орыс марксисі Г.В.Плеханов оз енбектерінде ойын жөніндегі идеалистік теорияларды сынап, бала ойынының үлкендер енбегімен байланысын, оның манызы тарихи-әлеуметтік сипат алатынын дұрыс көрсетті.
Баланың жасы өсумен қатар, ойнайтын ойынның мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі. Мәселен, бір жастағы бөбектердің ойыны манипуляциялық (сыртынан ұстап көріп, тарсылдату деген мағынада) сипатта болса, балалар бақшасындағы балалар сюжеттік ойындармен айналысады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Сондықтан тәрбиешілер мен ата-аналар бұл ойындарды белгілі талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары қажет. Балалардың ойынына үлкендер тарапынан жетекшілік болмайынша, олардын әрекеттік мазмұны өзінің негізгі мақсатына жете қоймайды. Мәселен, бала әкесіне еліктеп, түрлі заттарды шегелеуді үлкен дәреже көреді. Баланың осы тілегін қолдау керек. Осындай ойын арқылы бала еңбек дағдысына үйрене бастайды. Бұл өзінше "ойын" болып сақталғанымен, баланың барлық күш-жігерін, зейінін өзіне аударып отыр. Балалар ойынына үнемі дұрыс басшылық ете отырып, ой-өрісінің өмір тәжірибесінің жан-жакты қалыптасуына байланысты жүргізілетін жұмыстардың басты бір бөлегі.
Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды. Мәселен мектепке дейін тұрмыстық ойындарды (отбасы, дүкенге бару т. б.) көбірек ойнайтын болса, енді қоғамдық-саяси мәні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Мәселен, бірінші сыныптағылар қуыршақтарына, үйдегі кішкентай балаларға сабақ үйрете бастайды, олардың бірі - мұғалімнің, қалғандары оқушының рөлін аткарады. Ойында мектеп өмірінің бейнелеуі екінші сынып балаларында біртіндеп кеми бастайды, оның орнын творчестволық ойындар басады. Адамдардың жай кимыл- қозғалысын көрсетуден гөрі бала олардың бір-бірімен қатынасын, сезімдері мен көңіл-күйлерін көрсетуге талаптанады. Енді оқыған кітаптары, көрген кинолары, үлкендерден естіген өңгімелері баланың ойын мазмұнына кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет