ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
БӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: БАЛАНЫҢ ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР МЕН МЕХАНИЗМДЕР
Орындаған: Мәди Бердибекұлы
Қабылдаған: А.К. Умбетова
Түркістан 2023
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Баланың психикасының дамуына әсер ететін іс-әрекет түрлері
а)Баланын ойын іс - әрекеттерінің дамуы
б)Баланын оқу іс - әрекеттері және оның оқу барысында қалыптасып жетілуі
с)Бала психологиясын қалыптастыруда шешуші орын атқаратын еңбек іс-әрекеті
2.Баланың іс-әрекетінің психикалық дамуының биологиялық және әлеуеметтік механизмері
а)Биологиялық және социологиялық механизмнің аралас жүйедегі түсіндірме
б)Баланың тұлғалық тұрғыдағы әлеуметтік факторлары
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
І.Кіріспе
Баланың психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болуы, бала өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығаруы, мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. "Әрекетіміз дұрыс болу үшін,- дейді Әл-Фараби, біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз". Баланы iс-әрекетке итермелейтін оның түрлі қажеттері екені төменгі тарауда айтылды. Бала іс-әрекеті күрделі процесс екендігі, онын құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесінің кіруі, іс-әрекет (деятельность) ұғымынан әрекет (действие) ұғымын ажырату кажеттігі, өйткені мұның біріншісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағындығы, әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі, единицасы екендігі, ол жеке максатты орындауға бағытталуы, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталуы, бала іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отыруы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Бала үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Баланың сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Бала психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен катар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз кажет. Сөйтіп сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Бала әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отыруы, бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы, сондай-ақ жас мелшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігі осы жұмыстың басты міндеті болып табылады.