а)Баланын ойын іс - әрекеттерінің дамуы Оқу - іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға коғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалык әрекетін, ғылым-білім жұйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс. Оқу материалдары бала психикасына зор талап кояды. Өйткені ұғыну ете күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезеңдерден тұрады. Мәселен, мұның бірінші кезеңінде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігі жайлы мағұлмат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде орындап кереді. Үшінші кезенде, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды, төртінші кезенде, бала ұғынған нәрсесін ойына ұстап тұрады да, бесінші кезеңде, балада зат пен кұбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын ажыратады, бір нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардын айырмашылық, ұқсастықтарын кере білуге үйренеді, мұндағы себеп пен нәтиженің заңды байланысына түсінеді. Мәселен, "от жақса түтін шығады" дегенде оттың жануы түтіннің шығуына себеп болып тұрғандығын бала байқайды да, шындықтағы нәрселердің бәрі де бір-бірімен осындай байланысатындығын түсінеді. Нәрседе себеппен катар нәтиже де болатындығына баланың түсініп, жетуі ұғыну деп аталынады. Бастауыш сынып оқушылары оқу материалдарының мәнісіне тереңдеп бара бермейді. Оларды жай жаттап алады да, өз бетінше пікір айтуға орашолақ келеді. Бұдан анализ, синтез процестерінің балада онша дамымағаны керінеді. Мұғалім оқушы ойлауындағы анализге жеткіліксіз кеңіл бөлетін болса, бала материалдын бір-бірімен қиысып байланыспаған жеке жақтарын меңгереді де, осыдан ұғымның мәніне толық түсінбей қалады. Сондай-ақ, мүғалім синтездеу тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, жаңа материал бұрынғысымен дұрыс байланыспай калады да, берілген мағлұматтың практикалық мәні кеми түседі. Кейбір мұғалімдер баланың белсенді ойлау процесін дамытудың орнына онын ескабілетін есіруге ерекше мән береді, бұдан баланың есін дамыту онша мәнді нәрсе емес дегеі қорытынды шықпайды. Балаға ойлаттырып, әр нәрсен бір-бірімен салыстырғызып, талдап жинақтатып дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардын танымы мазмұнды болады. Ал, материалды өз күйінше жаттап алу, онын мағынасына түсінбей оқу жақсы нәтиже бермейді, бала дұрыс білім ала алмайды. Бастауыш мектеп мұғалімдер осы жайды қатты ескергендері дұрыс. Психолог П. Я. Гальперин (1902-1988) өзінің "Ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасу" теориясында бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық баланың бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдык әрекеттерді (затты ұстап көру, тұрқын, көлемін ажырату, шамамен өлшеу т. б.) пайдаланады, сосын оның бейнесін елестетеді. Содан соң дауыстап және іштен айта алатын болады, сөйтіп сыртқы заттық әрекеті біртіндеп ішкі ой әрекетіне айналады дейді.
Баланың білім меңгеруі, мұғалімнің сабақ оқытуы екеуі де "инемен құдық қазғандай" аса қиын нәрсе. Мәселен, мұғалім балаға бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, онда ақыл-ой керенаулығын, рухани жиренушілікті туғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз әр уақытта оқушының рухани тілектерін ұдайы қанағаттандырып, онын табиғатты, өмірді, адамдар еңбегін білуге құштарлығын дамытуы қажет. Мәселен, бастауыш сынып окушыларының зердесінде де "бәрін білуге" құштарлықтан туындайтын тамаша қасиет бар. Олар: "қоянның аяқтары неге ұзын?", "Ақ тиін неге ағаш басында тіршілік етеді?", "Шалқалап тұрған шыбындар неге құлап кетпейді?" т.б. осындай көптеген сұрақтар қояды. Кейбір ата-аналар, тіпті мұғалімдер де балалардың осындай үйреншікті мәнісі бар сұрақтарына жауап бермейді, "сен мұны бәрібір түсіне алмайсын" "жоғары сыныпқа барғанда оқисыңдар" деп ұзын арқау, кең тұсауға салып кете береді. Әрине, сұрақ біткеннің бәріне жауап кайтара берудің қажеті жоқ, бұл сұраулардың кейбіреулері осы жастағы балалардың интеллектік мүмкіндіктерін етермейді. Бірақ мына жағдай әр уақытта есте болуы тиіс. Егер бала мүмкіндіктері жете бағаланбаса, тілектері қанағаттандырылмаса, бұл оның дүниені танып білуге құштарлығының болмауына әкелуі ықтимал. Балалардын ақыл-ойын дұрыс дамыту үшін оқытуды тым жеңілдетудің де қажеті жоқ. Баланын ойына жеткілікті азық беретін оқу ғана қарқынды дамытуға септік тигізе алады. Мәселен, 1 сыныптың мұғалімі балаларға 9 санының екі және жетіден, алты және үштен құралатындығын айтып: "9 саны тағы да қандай сандардан кұралады?- деп сұраса, олар "төрт пен бестен" деп жауап береді. "Тоғыздан төртті азайтсақ, қанша қалады?", "Тоғыздан бесті азайтсақ ше?", "Сендер нені аңғардыңдар?" деп мұғалім ой сала сөйлейді. Балалар: "қосындыдан бірінші қосылғышты шегерсек, онда екінші қосылғыш шығады" дейді. Мұғалім тағы да ойын жалғастырып: "Екінші қосылғышты шегерсек қайтеді?",- десе, "Онда бірінші қосылғыш шығады",- дейді бір оқушы. "Олай болса, қосындыдан Қосылғыштардың біреуін шегерсек",- деп мұғалім сөзін сабақтай бергенде, "екіншісі шығады" деп бала сөйлемді аяқтайды. Міне, оқушының ойлау белсенділігінің осылай дамуы, білім мен дағдыға қанығудың негізі осылай каланады, ол шамалардың ара қатынасы мен амалдарды терең түсінетін болады. Бұл жай бізге арифметиканың аясынан шығып, бірінші сыныптын бағдарламасына геометрия мен алгебранын элементтерін кіргізуге мүмкіндік беріп отыр. Осынын арқасында шәкірттер заттар мен фактілерді саралап, салыстырып, әр құбылыстың неден туындайтынын, яғни оның себебін іздестіретін болады, олар сұраққа тек жауап беріп қана қоймай, өздер де сұрақ қоя біліп, оны өз бетінше шеше білуге машықтанады.
с)Бала психологиясын қалыптастыруда шешуші орын атқаратын еңбек іс-әрекеті Бала психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектін адам сана-сезімінің қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде К.У. Ушинский: "... Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің, адамгершілігі мен ақыл-ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік ар- ұяты, бостандығы және ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады" дейді. Енбек әрекетінің психологиялық табиғатын А.С.Макаренко былайша түсіндіреді: "Адам жұмысты сүйіп істейтін болса, одан саналы түрде қуаныш сезетін болса, енбек ол үшін жеке басын және талантын тудырудың негізгі формасы болатын болса, сонда ғана творчестволық болуы мүмкін. Еңбекке мұндай көзқарас мүмкіндігі, тек еңбекке күш салу нағыз әрекетке айналған кезде ғана, ешбір жұмыс көңілсіз болып көрінбейтін болса, онда бір мағына болса ғана туады". Ұлы педагог еңбексіз тәрбиені дүрыс тәрбие деп түсінуге болмайтындығын, еңбек адам психологиясын, кісілердің бір-бірімен ынтымақты қарым-қатынасын қалыптастыратын негізгі фактор екендігін еске салады. Жалпы еңбек әрекетінің (жеке және акыл-ой) негізгі ерекшелігі онын жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығында. Енбек процесі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, күшті ерік күшін, белгілі еңбек тәртібі қажет етеді.
Енбектегі табыстар мен нәтижелер, адамның дүние танымына, наным-сеніміне, мақсат-мүддесіне, нақты қажетіне сәйкес келу-келмеуіне қарай әр түрлі болады. Не үшін еңбек ететіндігін бар саналылығымен сезіну еңбек етудің ен басты түрткісі болып табылады.
Енбек үстінде кісі өзіне, қоғамға қажетті материалдық игіліктерді әдірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын (еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, ұқыптылық т. б.) біртіндеп қалыптастырып отырады.
Енбек үстінде кісінің өзіне-өзі қызмет ете алу қабілеті, практикалық іскерлігі, дербестігі, икем дағдысы, ынтасы мен тапқырлығы, белсенділігі шыңдала түседі. Ғылым мен техниканың дамуы, адамнын ой-санасының өсуі, білім жүйесі мен дағдынын ойдағыдай қалыптасуы еңбектегі қара кешкін салмағын, техниканың тетігін біліп, оны басқару онайланады.
Енбектің қандай түрі болса да құрметті және қадірлі, жаман еңбек болмайды. Адам өз еңбегінің жұртқа және өзіне пайдалы екендігін, одан шығатын нәтижені үнемі сезініп отыруы тиіс. Еңбек тек өнімді, пайдалы болып кана коймай, ол сонымен қатар творчествалы сипатта болуы қажет. Тұрлаулы, нәтижелі енбек шыдамды, ұқыпты адамның қолынан ғана келеді. Оған күшті ерік-жігер, қажыр-қайрат керек. Жалқау, керенау адамда творчестволык енбек болмайды. Әрбір ынтымақты ұжымда еңбек өнімділігін арттыру - ең негізгі мәселе. Мұндайда адам еңбекке ынталы кірісетін болады, еңбекке байланысты тұрақты қызығу қалыптаса бастайды. Адамда еңбек дағдылары мен іскерлік, шеберліктің жақсы ұштасып келуі, адамдардың еңбектегі өнертапқыштығын, творчествосын арттырады, оның ақыл-ой әрекеті жан-жақты дами бастайды. Мұғалімдер балаларды еңбектің кез келген түріне, одан шығатын нәтижелерге сый-құрмет көрсету рухында (еңбекке әте ұқыптылықпен қарау, онын ысырабына жол бермеу, еңбек үстінде болатын барлық берекесіздікке қарсы аяусыз күресу) тәрбиелеп отыруы тиіс. Жас баланың еңбек дағдылары семьяда қалыптаса бастайды. Тіпті екі-үш жастағы балалардың шешініп, киінуінде де, ойыншықтарын жинап қоюында да еңбек процесінің элементтері бар. Мектепке дейінгі бала үй-ішіне қолғабыс тигізеді, үй сыпырады, гүлге су күяды, үй жануарларына жем береді т. б. Осы айтылғандардың бәрі — еңбек процесінің накты көріністері. Баланың жасы өскен сайын, енбек дағдылары да қатая туседі, оның шеңбері кеңіп, мазмұны терендейді.