Педагогика Кредит саны: 5 кредит «Қазақ филологиясы мен екінші шет тілдер» кафедрасының оқытушысы


Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы



бет2/8
Дата09.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#38726
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Педагогика (на каз.языке)

Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы

  • Кәсіп және мамандық туралы түсінік. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы. Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі, оның гуманистік сипаты. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім тұлғасының моделі ретінде. Білім беру деңгейлері бойынша педагог қызметінің квалификациялық сипаттамасы.
  • Педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандарты педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар жүйесі ретінде. Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарында анықталған қазіргі заман мұғаліміне қойылатын кәсіби талаптар және оның құқықтары мен міндеттері.
  • Педагогикалық іс-әрекет – әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы мен мазмұны. Мұғалім іс-әрекетінің объектісі – педагогикалық үдеріс. Педагог-мұғалім және тәрбиеші іс-әрекетінің ерекшеліктері. Педагогикалық іс-әрекеттің функциялары. Педагогикалық іс-әрекеттің ұжымдық, шығармашылық, ізгілік, көпфункционалдық сипаты. Педагогикалық үдерістегі мұғалім іс-әрекетінің функционалды түрлері. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің тұтастығы. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің стилі.

Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі

  • Жеке тұлға ғылыми категория ретінде. Жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, жеке тұлға компоненттері. Жеке тұлғаның қалыптасу кезеңдері. Жеке тұлға - іс-әрекет объектісі және субъектісі. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайлар және олардың жеке тұлғаға әсері. Тұлғалық-бағдарлық білім беру тұжырымдамасы.
  • Мұғалім тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар. Педагогтық кәсіпке деген қызығушылық, оның қоғамдағы рөлін түсіну болашақ мұғалімнің кәсіби жолды таңдауындағы және кәсіби өзін-өзі жетілдіруіндегі жетекші мотивтер ретінде. Педагогикалық бейімділік пен педагогикалық қабілеттілік педагог тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастырудың психологиялық негізі. Педагогикалық қабілеттілік пен педагогтың авторитеті. Бағыттылық - педагог тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттері және оның ерекшеліктері.
  • Тұтас педагогикалық үдерістегі тұлғалық қатынас мәселесі. Педагогикалық этика және мұғалім әдебі – педагогикалық үдеріс субъектілері арасындағы өзара қатынастың негізі. Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті: мәні, өзгешелігі, өзара байланысы.
  • «Құзыреттілік», «құзырет», «құзыреттілік тәсілі», «мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігі» ұғымдарының мәні. Кәсіби құзыреттілік және педагогикалық шеберлік. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың шарттары және негізгі психологиялық-педагогикалық алғышарттары. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық өсуінің қазіргі заманғы формалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет