«Үздіксіз білім беру» ұғымының мәні. Тұлғаға үздіксіз білім беру – қоғамның тұрақты дамуының шарты. Тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығы. Үздіксіз білім алу - тұлғаның кәсіби сұранысқа ие болу және болашақ маманды дайындаудағы құзыреттілік тұрғыда оқытуды іске асыру факторы. Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі үздіксіз білім алудың мәні. Үздіксіз педагогикалық білім – мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуындағы және өзін-өзі танытуындағы жетістігінің шарты.
Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеттестігінің негізі. Педагогикалық қарым- қатынас стильдері. Әртүрлі жастағы оқушылармен педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері. Педагогикалық қарым-қатынасты орнатуға қойылатын талаптар. Қазіргі жағдайдағы мұғалімнің коммуникативтік құзыреттілігі.
Педагогтың сөйлеу мәдениеті – кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты. Мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын этикалық талаптар. Мұғалімнің сөйлеуінің тәрбиелік және білім берушілік әсері.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу - қазіргі мұғалім тұлғасын дамыту факторы, оның ерекшеліктері. Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру, құралдары, формалары, әдістері.
Педагогикалық рефлексия - өзін-өзі тәрбиелеудің негізі. Педагогикалық ұжымның педагог тұлғасының өзін-өзі тәрбиелеуіндегі рөлі. Өзін-өзі тәрбиелеудің Үздіксіз білім беру жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігін жоғарлатудағы рөлі.
Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайындағы өздігінен білім алудың рөлі. Өздігінен білім алу - қазіргі заман жағдайында мұғалімнің кәсіби іс- әрекетінің нормасы және түрі. Мұғалімнің өздігінен білім алу құзыреттілігі - оның өздігінен білім алу іс-әрекетінің нәтижесі.
Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде
Педагогика ғылымыны қалыптасуы мен дамуы. Педагогика – қазіргі адамтанудың саласы. Педагогика ғылым ретінде. Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері. Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері.
Педагогика негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы. Пәнаралық ұғымдардың (тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, әлеуметтену, қалыптастыру) педагогикалық ғылымдар жүйесінде қолданылу ерекшелігі. Педагогиканың әлеуметтік және мәдени қызметі. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың философия, психология, әлеуметану, физиология және т.б. ғылымдармен байланысы.