Педагогикалық жағдаят №209
Сыныпта оқушылар ойнап, сөйлескісі келмейтін, шеттетілген оқушы бар. Оқушылар бұндай қарым-қатынасының себебін түсіндіре алмайды. Оқушы өте тыныш әрі байсалды, қақтығысқа түспейді. Шеттетілген оқушыға сыныптастарын қосудың қандай жолын табуға болады?
Педагогикалық жағдаят №210
Екі ана балаларының компьютерді пайдалануы бойынша әңгімелесіп отыр. Біріншісі, жұбайы екеуі қызына компьютер сыйлағандарын мақтанышпен айтты. Ал екіншісі: «Бекер жасадың! Енді сағаттап монитор алдында отырып, көз жанары мен омыртқасын құртатын болды ғой, өзгелермен тіл табыса алмайтын, өмірге бейімсіз болып өседі...», - деп жауап берді. Өз көзқарасыңызды білдіріп, ой-тұжырымыңызды негіздеңіз: баланың компьютермен байланысында зияны көп пе, әлде пайдасы ма?
Достарыңызбен бөлісу: |