Педагогикалық жағдаят №83
Сіздің сыныбыңызда математика мұғалімі сабақ барысында үнемі дауыс көтереді, балағаттайды, ал кейде артта қалған оқушыларды ұрып та жіберуі мүмкін.
Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:
Басқа сыныптастарыңыз сияқты үндемей көз жұма қарайсың.
Бұл жайлы сынып жетекшісіне, директорға немесе ата – аналарға айтасыз.
Мұғалімнің бұл әрекеттерін ұялы телефонға түсіріп, интернет желісіне саласың.
Мұғалімнің әрекетіне қарсы шығып, ескерту айтасың.
Өз жауабыңыз
Жауабыңызды негідеңіз
Педагогикалық жағдаят №84
Көшеде сізге тоғыз жасар кішкентай қыз келіп, жылап анасы оған 500 теңге беріп нанға жұмсағанын, ал дүкенге барар жолда ақшасын жоғалтып алғанын айтады. Қыз сізден оған ақша беруін өтінеді, себебі, анасы анасы оған қатты ұрсатынын айтады.
Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:
Бас тартамын, бұл жағдай оған сабақ болып, келесі жолы ақшаға немқұрайлы қарамайтын болады.
Баланы аяп, оған ақша беремін.
Балаға оның анасына бірге баруды ұсынамын және бұл жағдайды ақылмен шешуге тырысамын.
Полицияға телефон шалып, мұндай жағдайда өзімді қалай ұстау керектігі жөнінде ақыл сұраймын.
Өз жауабыңыз.
Жауабыңызды негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |