Педагогикалық жағдаят №189
Педагог қолындағы телефонын шыр айналдырып отырған оқушыға қарап: «Өтінемін, телефоныңды жинап қой немесе оны өшір!» деді. Оқушы: «Мен өшіре алмаймын. Мен «WhatsApp»-та отырмын. Мен одан ажыраған емеспін және өшірмеймін, мен онымен ұйықтаймын ...». Өз әрекетіңізді жоспарлаңыз.
Педагогикалық жағдаят №190
Сіз 7 сыныпта сабақ жүргізіп жатырсыз. Оқушылардың біреуі мектепке тышқан алып келді және оны сабақта қатарлар арасына жібереді. Қыздар шырылдап орындықтан және үстелден секіреді, ұлдар қатты күліп қыздыра түседі. Әрекеттің тиімді оңтайлы тәсілін таңдау жоспарын құрылымдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |