Педагогикалық жағдаят №206
Мұғалім ұқыпсыз оқушыға кезекті екісін қойып: «Сен тағыда бақылау жұмысын «екіге» жаздың», - дейді. Оқушы: «Мен дұрыс жаздым. Сіз маған ылғи қадаласыз». Сіз бұл жағдайда қалай жасайсыз және неліктен?
Педагогикалық жағдаят №207
Сыныпта сабақ үстінде үнемі сағыз шайнап отыратын қыз бала бар. Ескерту мен тыйымдар көмектеспейді. Бұл әуестікті оқушы түсіндіре алмайды. Не істеуге болады?
Педагогикалық жағдаят №208
Сыныптағы ұл бала тым қозғалғыш - өте белсенді (гиперактивті). Ол байсалды әрекет түрлерімен айналыса алмайды, сабақ үстінде қозғалып, шулап, тақырыпты дұрыс меңгермейді, басқа балалардың назарын өзіне аударады. Мұғалім бұл жағдайда қандай шара қолдана алады?
Достарыңызбен бөлісу: |