Педагогикалық жағдаят №211
Өте белсенді, жігерлі, ой-өрісі жоғары дамыған оқушының қылығында мұғалімдер: оның қатарластарын басқаруға деген ұмтылысын; қатарластарының қисынсыз сөзін тыңдай алмауын байқады. Болжам жасаңыз: Оқушының қатарластарымен ары қарай қарым-қатынасы қалай өрбиді?
Педагогикалық жағдаят №212
Мұғалімдер оқушылар белсенділілерімен әдебиеттен пәндік кеш дайындады, алайда алдын-ала берілген хабарландыруға, шақыруларға қарамастан бұл кешке ешбір оқушы келген жоқ. Сұрақ: Бұл іс-шараға оқушыларды қалай жұмылдыру керек еді?
Достарыңызбен бөлісу: |