«Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары 1 Нұсқа


«Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары



бет5/17
Дата26.02.2022
өлшемі78,61 Kb.
#26459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
«Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары

5 Нұсқа
1. Оқыту процесінің құрылымдық компонентіне жатпайды:

A) Оқыту мақсаты.

B) Оқыту нәтижесі.

C) Оқыту әдістері.

D) Оқыту құралдары.

E) Оқыту заңдылықтары.

2. Игеру мақсатымен ақыл-ой немесе практикалық қимылдарды бірнеше рет қайталау:

A) Түсіндіру.

B) Кітаппен жұмыс.

C) Жаттығу.

D) Бақылау.

E) Лекция.

3. Оқыту процесі барысында оқушылар игеретін ғылыми білімдер, практикалық іскерліктер мен дағдылар, іс-әрекет және ойлау әдістері жүйесі:

A) Тәрбие.

B) Білім беру мазмұны.

C) Оқыту.

D) Оқыту тәсілдері.

E) Білімі.

4. Білім беру мазмұнын анықтауға әсер ететін фактор:

A) Ата-ана қажеттіліктері.

B) Оқу құралдарымен жабдықтауы.

C) Мектептін мүмкіндіктері.

D) Қоғамның экономикалық дамуы.

E) Қоғам қажеттіліктері, ғылымның даму деңгейі.

5. Бақылау әдісі:

A) Түсіндіру.

B) Жазбаша бақылау.

C) Жаттығу.

D) Дидактикалық ойын.

E) Анкета алу.

6. Оқыту пәндерінің тізімін, сағат санын көрсетіп оқу жылдарына бөлетін, аптасына әрбір пәнге тиісті сағат санын анықтайтын құжат – ол:

A) Оқыту бағдарламасы.

B) Оқыту жоспары.

C) Сабақ жоспары.

D) Календарлық жоспар.

E) Тақырыптық жоспар.

7. Оқыту пәнінің мазмұнын ашатын, тақырыптардың кезектестігін, оларды игеруге бөлінген уақыттарды және оқыту пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтайтын құжат:

A) Мемлекеттік стандарт.

B) Оқыту бағдарламасы.

C) Оқыту жоспары.

D) Оқулық.

E) Оқу құралы.

8. Белгілі бір тәртіппен және режиммен жүретін мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттерінің сырт көрінісі:

A) Оқыту мазмұны.

B) Оқытуды ұйымдастыру формасы.

C) Оқыту процесі.

D) Тәрбие процесі.

E) Оқыту принципі.

9. Дидактика – бұл:

A) Тұлға дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

B) Тұлға қалыптасуының заңдылықтары туралы ғылым.

C) Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және білім беру туралы педагогиканың бөлімі.

D) Білім беру теориясын жасайтын жалпы педагогика бөлімі.

E) Тәрбиелей оқытуды зерттейтін ғылым.

10. Қабілеттеріне, дайындық дәрежесіне және интеллектуалдық даму деңгейіне байланысты оқушыларды сыныптарға бөлу – ол:

A) Маннгейм жүйесі.

B) Белл-Ланкастер жүйесі.

C) Дальтон-план.

D) Трамп жоспары.

E) сыныптық-сабақтық жүйесі.

11. Қазіргі заманғы мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы:

A) Экскурсия.

B) Үйірмелер.

C) Сабақ.

D) Консультация.

E) Үйдегі оқу жұмысы.

12. Оқытуды ұйымдастыру формасына жатпайды:

A) Сабақ.

B) Экскурсия.

C) Семинар.

D) Факультатив сабақ.

E) Бақылау.

13. Сабақта оқушылардың оқу жұмыстарын ұйымдастыру формалары:

A) Дербес, топтық және жаппай оқыту.

B) Проблемалық оқыту, бағдарламалық оқыту, түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту.

C) Дербес, топтық және фронтальді.

D) Дидактикалық ойындар, конференция-сабақ.

E) Жаттығу.

14. Сабақтың негізгі белгілері:

A) Оқушылардың тұрақты құрамы, бір пәнге арналуы, арнайы кесте бойынша жүруі.

B) Арнайы бөлмеде өтуі, оқу құралдары болуы.

C) Сабақтың 45 минут жүруі.

D) Мұғалімнің басшылығы, оқудың практикамен байланысы.

E) Білім беру, тәрбиелеу, дамыту міндеттерінің шешілуі.

15. Нәтижесінде білім, іскерлік, дағды, іс-әрекет және жүріс-тұрыс (мінез-құлық) тәжірибесі, тұлға қасиеттері қалыптасатын педагог пен оқушылардың белсенді, мақсатты бағытталған өзара қимылдау процесі:

A) Оқыту.

B) Тәрбие.

C) Білім беру.

D) Тану.

E) Сабақ беру.

16. Сабақ түрін анықтаудың кең тараған жолы:

A) Дидактикалық мақсатына байланысты.

B) Оқыту мақсатына жетуге кеткен уақытқа байланысты.

C) Мұғалім іс-әрекетінің сипаты.

D) Оқушы іс-әрекетінің сипаты.

E) Оқушылардың оқу жұмыстарын ұйымдастыру сипатына байланысты.

17. Дальтон-план:

A) Оқытуды ұйымдастырудың жаппай формасы.

B) Оқытуды ұйымдастырудың жекеленген формасы.

C) Оқытуды ұйымдастырудың жеке-топтық формасы.

D) Оқытуды ұйымдастырудың жеке формасы.

E) Оқу әдісі.

18. Аралас сабақ-бұл:

A) Тек жаңа білімдер қалыптастырылады.

B) Тек жаңа іскерліктер қалыптастырылады.

C) Тек жаңа дағдылар қалыптастырылады.

D) Оқу материалдары бекітіледі.

E) Бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі.

19. Сабақта оқушылардың бірдей тапсырмаларды жеке-жеке орындаулары -бұл:

A) Фронтальді формасы.

B) Жеке формасы.

C) Топтық формасы.

D) Бригадалық формасы.

E) Ұжымдық формасы.

20. Білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар:

A) Календарлық жоспар, сабақ жоспары.

B) Әдістемелік нұсқаудар, оқыту құралдары.

C) Оқыту жоспары, оқыту бағдарламасы, оқулықтар.

D) “Білім туралы” заң.

E) Білі беруді дамыту тұжырымдамаларымен.

21. Оқушылардың өзіндік оқу жұмыстары:

A) Педагогтің көмегінсіз орындалатын оқушы іс-әрекеті.

B) Оқыту процесіндегі педагогтің тапсырмасымен және оның басшылығымен орындалатын оқушы іс-әрекеті.

C) Педагог басшылығымен, бірақ тікелей қатысуынсыз орындалатын оқушы іс-әрекеті.

D) Бақылау жұмысымен сәйкес.

E) Сабақтан тыс танымдық іс-әрекет.

22. Оқыту әдісі дидактикада қандай сұраққа жауап береді:

A) Нені оқыту.

B) Қалай оқыту.

C) Қашан оқыту.

D) Не үшін оқыту.

E) Қайда оқыту.

23. Жаттығу, лабораториялық жұмыс, практикалық жұмыс:

A) Көрнекілік әдістер.

B) Ауызша әдістер.

C) Практикалық әдістер.

D) Зерттеу әдістері.

E) Кітаппен жұмыс.

24. Ауызша, көрнекілік және практикалық әдістері қандай белгіге байланысты жіктелген:

А) Білім түпнұсқасы.

B) Танымдық іс-әрекет.

C) Ынтымақтастық формасы.

D) Дидактикалық мақсатқа байланысты.

E) Оқушы іс-әрекетіне байланысты.

25. Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивтік, проблемалық мазмұндау, ізденіс түрлері, зерттеушілік әдістер деп жіктеудің негізгі белгісі:

A) Дидактикалық міндет.

B) Оқудағы ынтымақтастық.

C) Танымдық іс-әрекет түрі.

D) Білім түпнұсқасы.

E) Бинарлық жіктеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет