«Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары 1 Нұсқа


«Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары



бет4/17
Дата26.02.2022
өлшемі78,61 Kb.
#26459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Педагогика толық жауабымен

«Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары

4 Нұсқа
1. Қоршаған табиғи ортаға оң көзқарасты, жауапкершілікті тәрбиелеу:

A) Еңбек тәрбиесі міндеті.

B) Адамгершілік тәрбиесі міндеті.

C) Экологиялық тәрбиесі міндеті.

D) Экономикалық тәрбиесі міндеті.

E) Азаматтық тәрбиесі міндеті.

2. Ұжымдық шығармашылық істер әдістемесінің авторы:

A) Ю.К.Бабанский.

B) И.П.Иванов.

C) А.С.Макаренко.

D) К.Д.Ушинский.

E) Т.И.Шамова.

3. Н.Е.Щуркова ұсынған тәрбие жұмыстарының бағыттары:

A) Тәрбиелеуші іс-әрекет ұйымдастыру, ұжымда тәрбиелеу.

B) Тәрбие мазмұндарымен сәйкес келеді.

C) Мектеп тәрбиесі, отбасы тәрбиесі.

D) Діни тәрбие.

E) Тәрбие принциптеріне сай келеді.

4. Еңбек сүйгіштікті тәрбиелеу, еңбекке деген оң көзқарасты тәрбиелеу, еңбек мәдениетін қалыптастыру, еңбек іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру қандй тәрбиенің міндеті:

A) Адамгершілік тәрбиенің міндеті.

B) Дене тәрбиесінің міндеті.

C) Эстетикалық тәрбиенің міндеті.

D) Отбасы тәрбиесінің міндеті.

E) Еңбек тәрбиесінің міндеті.

5. Тұлғаның санасын қалыптастыру әдісіне жатпайды:

A) Түсіндіру.

B) Дәріс.

C) Әңгімелесу.

D) Педагогикалық талап қою.

E) Пікірталас.

6. Отбасы тәрбиесі, діни (конфессионалдық) тәрбие, мектеп тәрбиесі, мектептен тыс тәрбие. Тәрбие түрлері қандай белгіге байланысты топтастырылған:

A) Мазмұны бойынша.

B) Интуиционалдық белгі бойынша.

C) Қарым-қатынас стилі бойынша.

D) Оқыту-тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша.

E) Тәрбие бағыттары бойынша.

7. Оқытудың мазмұнын, әдістерін, ұйымдастыру формаларын ғылыми нақтылайтын педагогикалық теория:

A) Оқыту технологиясы.

B) Педагогикалық технология.

C) Дидактика.

D) Педагогикалық менеджмент.

E) Тәрбие теориясы.

8. Дидактиканың зерттеу пәні:

A) Оқыту процесі.

B) Білім беру мазмұны.

C) Сабақ беру және оқудың байланысы, олардың өзара қимылы.

D) Оқыту әдістері.

E) Тәрбие.

9. Сананы қалыптастыру әдісі:

A) Жарыс.

B) Мадақтау.

C) Жаттығу.

D) Педагогикалық талап.

E) Үлгі-өнеге.

10. Оқыту мақсаты - оқушыларда интеллектуалдық іскерліктерді, түсініктерді, көріністерді, білімдерді дайын түрде қалыптастыру:

A) Дамыта оқыту.

B) Дәстүрлі дидактикалық концепция.

C) Педоцентрлік концепция.

D) Проблемалық оқыту.

E) Бағдарламалап оқыту.

11. Сабақ беру басымды роль атқаратын дидактикалық жүйе:

A) Педоцентрлік концепция.

B) Дәстүрлі дидактикалық концепция.

C) Түсіндірмелі-сипаттай оқыту.

D) Дамыта оқыту.

E) Психологиялық оқыту теориялары.

12. Тиянақты ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы тәрбиеленушілерде әртүрлі проблемалар бойынша дұрыс бағалар, көзқарастар қалыптастыру:

A) Түсіндіру.

B) Мадақтау.

C) Әңгіме-кеңес.

D) Үлгі-өнеге.

E) Дискуссия.

13. Оқыту процесінің бір жағы сабақ беру, ал екінші жағы – бұл:

A) Оқыту.

B) Оқу.

C) Білім беру.

D) Тану.

E) Тәрбие.

14. Оқыту процесінің әдіснамалық негіздері:

A) Таным теориясы.

B) Тарихи материализм.

C) Неотомизм.

D) Бихевиоризм.

E) Экзистенциализм.

15. Оқыту процесінде іске асырылатын функциялар:

A) Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыыру.

B) Оқыту мазмұнын, ұйымдастыру формаларын анықтау.

C) Оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу, дамыту.

D) Оқыту әдістерін, құралдарын таңдау.

E) Оқыту маақсатын қою, міндеттерін анықтау.

16. Оқыту процесінің қозғаушы күштері:

A) Мұғалімнің жігері.

B) Оқу тапсырмалары мен оқушылардың білім деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар.

C) Білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды игеру қажеттілігін оқушылардың түсінуі.

D) Дидактикалық зерттеулер.

E) Ғылым мен практиканың байланысы.

17. “Белгіліден белгісізге, жайдан күрделіге” ережелері қандай принципке жатады:

А) Ғылымилық.

В) Көрнекілік.

С) Шамаға лайықтық.

D) Теориямен практиканың байланысы.

E) Жүйелілік және бірізділік.

18. Оқыту принципі:

A) Оқыту материалын таңдау негізінде жататын қағидилар.

B) Оқытудың ғылымилығын қамтамасыз етеін қағидалар.

C) Оқыту процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

D) Оқыту процесінің компоненттері арасындағы байланыстар.

E) Орындауды қажет ететін ережелер.

19. Қандай оқыту принципі оқыту мазмұны оқушыларды ғылымның даму деңгейіне сәйкес объективті ғылыми фактілер, теориялар және заңдармен таныстыруды талап етеді:

A) Ғылымилық.

B) Көрнекілік.

C) Саналылық және белсенділік.

D) Жүйелілік және бірізділік.

E) Шамаға лайықтық.

20. Қандай оқыту принципі сезім органдарын оқыту материалдарын қабылдауға және өңдеуге мақсатты қатыстыруды талап етеді:

A) Саналылық және белсенділік.

B) Ғылымилық.

C) Көрнекілік.

D) Шамаға лайықтық.

E) Жүйелілік және бірізділік.

21. Жүйелілік және бірізділік принципі:

A) Оқыту процесін және оның мазмұнын бір тәртіппен құрастыруды талап етеді.

B) Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.

C) Оқыту процесінде оқушыларды білімді практикада қолдануға ынталандыру.

D) Көрнекіліктерді қолдануды талап ету.

E) Оқушының мүмкіндіктерін ескеру.

22. Оқушылар ұжымының перспективтік ұмтылушылықтарын ұйымдастыру:

A) Тәрбие шараларын өткізу.

B) Ұжым белсенділерімен тәрбие жұмыстарын жүргізу.

C) Ұжымның жеке мүшелерімен тәрбие жұмыстарын жүргізу.

D) Ұжымның алдына практикалық мақсат қою.

E) Тәрбие мазмұнын анықтау.

23. Білімнің есте жақсы сақталуын, олардың оқушы санасының бір бөлігі, жүріс-тұрысының негізі болуын талап ететін принцип:

A) Беріктік.

B) Жүйелілік және бірізділік.

C) Ғылымилық.

D) Саналылық және белсенділік.

E) Оқыту мен практиканың байланысы.

24. Оқытудың қандай принципі оқушылардың даму ерекшеліктерін, оқу мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді:

A) Ғылымилық.

B) Көрнекілік.

C) Шамаға лайықтық.

D) Беріктік.

E) Саналылық және белсенділік.

25. Қабылдау, пайымдау, қорыту, бекіту, практикада қолдану:

A) Педагогикалық процесс кезеңдері.

B) Оқыту процесінің компоненттері.

C) Іс-әрекет компоненттері.

D) Білімді игеру процесінің кезеңдері.

E) Сабақ элементтері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет