2) Тұтас педагогикалық процессте және өзін-өзі тәрбиелеуде жеке тұлғаның қалыптасуы қандай қатынаста болады?
3) Тәрбие түрлері қалай топтастырылады?
4) Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу қандай қатынаста болады?
5) Өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдерін атаңыз.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ Тақырып: «Тәрбиенің дәстүрлі және заманауи түрлері, ғылыми дүниетаным және олардың сипаттамалары»
Қарастыратын сұрақтар: Тәрбиенің дәстүрлі және заманауи түрлері
Ғылыми дүниетаным және олардың сипаттамалары.
Тапсырмалар: «Қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі тәрбие мазмұны» тақырыбында эссе жазыңыз.
«Дүниетаным» ұғымы анықтамасының салыстырмалы кестесін жасаңыз.
«Дүниетанымның пайда болу және қалыптасуының әлеуметтік-мәдени динамикасы» тақырыбына дерек-мәлімет дайындап, кестені толтырыңыз.
«Дүниетанымның пайда болу және қалыптасуының әлеуметтік-мәдени динамикасы»
Дерек-мәлімет
Өткізу формасы:слайдта көрсету,талқылау
Әдістемелік нұсқау: тапсырманы орындау кезінде тәрбиенің дәстүрлі және заманауи түрлеріне, «Дүниетаным» ұғымы анықтамасына көңіл аударып, оның негізгі идеясын көрсету керек. Күтілетін нәтижелерді ұсынылған әдебиеттер тізімінен табуға болады.