Педагогика тарихы


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар



бет85/113
Дата07.09.2023
өлшемі2,03 Mb.
#106444
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар



  1. Қазақ даласында алғаш діни мектеп, медреселер қай дәуірден бастап өркен жайды?

  2. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы діни мектеп, медреселердегі оқудың жайы туралы не білесің?

3. Қадим оқуы мен Жадид оқуының айырмашылығын саралап бер.
4. Жадид оқуының негізін салушы қайраткерлер: С.Гасперинский, А.Байтұрсынов еңбектерін сипаттай отырып, олардың еңбектерінің прогрессивтік мәнін ашып дәлелде.
5. Діни мектептер мен орыс-қазақ мектептерінің оқу мазмұнындағы айырмашылықтарды нақтылы фактілермен дәлелдеп бер.
6. Жәңгір хан, Ыбырай Алтынсарин ашқан орыс-қазақ мектептеріндегі оқу- тәрбие ісінің жайы туралы не білесің?
7. Мамания мектебіндегі оқу-тәрбие ісінің прогрессивтік жайы туралы не білесің?


Реферат тақырыптары



  1. Қазақ даласындағы діни оқудың сипаты.

  2. Жадид оқуы мен Қадим оқуын жақтаушылар арасындағы идеялық көзқарас ерекшеліктері.

  3. Ы.Алтынсарин мектептерінің оқу-тәрбие ісіндегі жаңалықтары.

  4. А.Байтұрсынов төте оқудың негізін салушы – реформатор.

  5. Жәңгір, Құснижамал және Мамания мектептеріндегі оқу жүйесінің прогрессивтік мәні.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Байтұрсынов А. Ақ жол. Өлеңдері мен мақалалары және зерттеу еңбектері. –Алматы: “Жалын”, 1991.
2. Мұқанов С. Халық мұралары. –Алматы: “Қазақстан”, 1974
3. Мұқанов С. Өсу жолдарымыз. (мақалалар). –Алматы: КМКӘБ, 1960
4. Сәбитов Н. Мектеби и медресе у казахов. –Алматы: ККӘБ, 1950.
5. Сембаев Ә.І. Қазақстан мектептерінің тарихы. –Алматы: “Мектеп”, 1973.
6. Сытдыков А. Педагогические идеи и просветительская деятельность И.Алтынсарина. –Алматы: “ Мектеп”, 1968.
7. Тажибаев Т. Просвещение в школе Казахстана во второй половине XІX в. –Алматы, 1962.
8. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы: “Санат”, 1995
9. Нағымұлы Ш. Атырау: Білімге бастаған жолдар. –Алматы, 2000.
10. Мамания мектебі. (Тарихи деректер, мақалалар). –Алматы: “Атамұра”, 1999.

20. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан Республикасындағы білім беру ісі және педагогика ғылымдарының қалыптасуы




1920-1930 ж.ж. еліміздің экономикалық және мәдени-әлеуметтік өмірінде болған ұлы өзгерістер мен ілгерілеулер ғылым мен мәдениеттің, оқу-ағарту ісінің өркен жаюына мүмкіндік туғызды. Көптеген арнаулы орта және жоғары оқу орындары ашылып, ғылым мен мәдениеттің әр саласынан білікті маман кадрлар көбейді. Ғылымның сан-саласын қамтитын ғылыми-зерттеу институттары ашылып, оларға басшылық жасайтын орталық – Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы құрылды. Республикада соңғы 70 жыл ішінде педагогика ғылымының дамып, қалыптасуына ондаған баспа орындарының, ғылыми-әдістемелік арнаулы журналдар (“Абай” (1918), “Мұғалім” (1919), “Ауыл мұғалімі” т.б. (1925) мен газеттердің ашылуы, жыл сайын жүздеген оқулықтар мен ондаған ғылыми-педагогикалық зерттеу еңбектерінің шығуы да игі әсерін тигізді. Бұл іске 1920 ж. ҚАССР оқу халық комиссариаты жанынан құрылған Академцентр (Академиялық орталық) мұрындық болды. Академцентрдің жұмысын қазақтың көрнекті педагогі Ахмет Байтұрсынов басқарады. Олар жаңа құрылған Кеңестік мектептерге оқу-әдістемелік құралдары мен пән бағдарламаларын жасау ісімен айналысты. Бұл іске Қ.Жұбанов, Т.Шонанов, С.Аманжолов сияқты тілшілер М.Әуезов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Б.Майлин сияқты әдебиетшілер, С.Аспендияров сияқты тарихшылар, Ғ.Қарашев, Ш.Әлжанов, Ә.Сыдықов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Н.Құлжанова сияқты педагог ғалымдар тартылды. 1933 ж. Академцентрдің негізінде ҚСРО Халық ағарту комиссариаты жанынан педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты құрылды. Оның тұңғыш директоры болып ҚазПИ-дің профессоры Ш.Әлжанов тағайындалды. Институтта алғаш 3 сектор жұмыс істеді. Ол политехникалық пәндер мен гуманитарлық пәндер секторы және оқу-ағарту, баспа ісін басқару секторы. Сектордың жұмысына Қ.Жұбанов, С.Логинов, Ә.Сыдықов, Ә.Қоңыратбаев, Ш.Кәрібаев, М.Хамутов, Ш.Қоқымбаев, С.Жиенбаев сияқты методист-ғалымдар тартылды. Олар жеке пәндердің бағдарламалары мен оқу-әдістемелік құралдарын жасау ісімен айналысты. Педагогика, психология ғылымдарының терминдерін қалыптастырып, арнайы зерттеу еңбектері мен оқулықтарын, сөздіктерін жасауда, сөйтіп бұл ғылым салаларын қалыптастыруда 1920-1935 жылдары Ә.Диваев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Т.Шонанов, С.Садуақасов, С.Меңдешев, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Кемеңгеров, Қ.Жұбанов, Н.Құлжанова, М.Жолдыбаев, Ш.Әлжанов сияқты біртуар зиялы азаматтар орасан зор еңбек сіңірді.
Әсіресе тіл ғылымының терминдік, грамматикалық негізін салудағы А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбанов, Т.Шонановтардың, жаратылыстану ғылымы саласындағы Х.Досмұхамедовтың, тарих ғылымы саласындағы С.Асфендияровтың, Ана тілі және есеп пәндері бойынша М.Дулатов пен С.Жомартбаевтардың, мектепке дейінгі тәрбие саласындағы Н.Құлжанованың, педагогика саласындағы М.Жұмабаев, Ш.Қоқымбаев, Ш.Әлжановтардың, психология ғылымы саласындағы Ж.Аймауытов, Ә.Сыдықовтардың, әдебиет саласындағы М.Әуезов, С.Сейфуллин т.б. еңбектерін ерекше атауға тура келеді.
Өкінішке орай педагогика және психология, жеке пәндерді оқытудың әдістеме ғылымдары саласындағы жоғарыда аттары аталған қайраткерлер 1935-37 жылдардағы жеке басқа табынудың құрбаны болып жазықсыз атылып, асылып кетсе, ал еңбектері отқа жағылып жоқ болды.
Біраз жылдық тоқыраудан кейін 1950-80 жылдар аралығында Ә.Сыдықов, Р.Г.Лемберг, А.П.Нечаев, Т.Тәжібаев, Е.Бекмаханов, Ә.Сембаев, Ә.Қоңыратбаев, Ш.Кәрібаев, С.Қожахметов, М.Ғабдуллин, Б.Мадин, Т.Сабиров, М.Мұқанов, Е.Суфиев, С.Балаубаев, А.Темірбеков, Қ.Жарықбаев т.б. ондаған көрнекті педагог ғалымдар педагогика, психология саласында қомақты еңбектер жазып қалдырды. Сөйтіп, қазақстандық төл педагогика, психология ғылымдары қалыптасты.
Солардың ішінде тұңғыш педагогика, психология және әдістеме ғылымдарына сүбелі үлес қосқан А.Байтұрсынов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектеріне арнайы тоқталуға тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет