Педагогика тарихы


ХIX ғ.соңы мен XX ғ. басындағы Ресейдегі халыққа білім беру ісінің дамуы



бет44/113
Дата06.01.2023
өлшемі1,86 Mb.
#60524
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

ХIX ғ.соңы мен XX ғ. басындағы Ресейдегі халыққа білім беру ісінің дамуы. Бұл кезеңде Ресей қоғамының алдында мектептегі білімді қайта құру мәселелері тұрды.
Либералдық партиялар мен педагогикалық ұйымдар (кадеттер, Мәскеу педагогикалық қоғамы, жалпыресейлік мұғалімдер бірлестігі, т.б.) білімді қайта құруда ешқандай төңкеріс жасамай, демократиялық тұрғыдан құрудың қажеттігін қолдады. Осыған орай жоғарыда аталған ұйымдар жаңа бағдарлама жасап тегін міндетті бастауыш білім беруді, мектепке бөлінетін қаржыны көбейтуді, ағарту саласындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейтуді, ерлер мен әйелдердің тең құқықты білім алуын қамтамасыз етуді ұсынды.
Мектепті қайта құрудың демократиялық бағдарламалары халыққа білім беру сьездерінде 1908-1913 ж. ж. қаралды.
РСДРП (1902) бағдарламаларында мектепті демократиялық негізде құруды, яғни, балаларды ана тілінде оқыту, мектепті шіркеуден бөлу, 16 жасқа дейінгілерді міндетті түрде тегін оқыту қажеттігі көрсетілді. Мектепті қайта құру патша үкіметін құлатумен байланыстырылды.
1900 жылдың басында Ағарту министрлігі жалпы оқытуды ұйымдастырудың мемлекеттік жобасын жасады. 1904 жылы мектепті қайта құруға мемлекет тарапынан қаржы бөліну қарастырылғанмен, жапонмен соғыс жүргізуге байланысты қаржы бөлінбей қалды. Кейіннен төңкеріс оқиғалары басталып кетті.
1907 жылы II Мемлекеттік дума Ресей империясында жалпы бастауыш оқытудың мемлекеттік жобасын талқылағаннан кейін, 1908 жылы халыққа білім беру ісіне қосымша қаржы бөлінді. Бұл мәселе 1909-1911 ж. ж. III Мемлекеттік думада қайтадан қаралды. Осы құжаттар негізінде Дума жаңа заң жобасын қабылдап, Ресейдің барлық қалалары мен жергілікті жерлерде міндетті оқу енгізілді.
1911 жылғы заң жобасы бастауыш мектептің оқу бағдарламаларында этикалық, тұрмыстық, жергілікті халықтың діни көзқарастарын және жалпы мемлекеттік мүддені ескеру керектігіне бастауыш училищелердің оқу бағдарламаларын кеңейту керектігіне назар аударды.
Ағарту министрлігі оқу бағдарламаларының кішігірім стандарттарын ұсынуға тиіс болды. Ол бағдарламалар уезд көлемінде жасалуға тиіс, онда жергілікті жердегі тілді оқытуға рұқсат берілуі керек, бір сыныптық училищелерде оқу мерзімі 4 жыл, ал екі сыныптық училищелерде оқу мерзімі 6 жыл болуы керек делінді. Заң жобасында мектепті бақылау жергілікті әкімшілікке жүктелсін делінді. Жобада мұғалімдердің еңбекақысын көтеру жағы да көзделді.
1911 жылы бұл заң жобасы шіркеулік-приходтық мектеп өкілдерінің қарсы тұруына байланысты Мемлекеттік думадан өтпей қалды.
Патшалық Ресейдегі 1916 жылғы жалпы оқытуға көшірудің соңғы жобасын ағарту министрі П.Н.Игнатьев Думаның қарауына ұсынды. Бұл жобаның бұрынғы жобадан айтарлықтай айырмашылығы болмады. Онда бастауыш оқу сатысы төртжылдық халық мектебі немесе жоғары бастауыш училищенің (гимназия) бірінші-үшінші сыныптары болуы керектігі көрсетілді. Бұл құжатты талқылау 1917 жылғы ақпан айындағы төңкеріс оқиғаларына байланысты тоқтап қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет