Білім беру – педагогикалық негізгі ұғым, ол – оқыту нәтижесі, оқушының меңгерген білімінің, іскерлігінің, дағдысының,ойлау тәсілдерінің жүйеленген көлемі.
Білім беру – адам дамуы үшін арнайы қйымдастырылған жүйе – бұл білім -тәбие орындары, кадрлар білімін көтеру және қайта даярлау мекемелері. Онда жинақталған тәжірибе арнайы дайындалған педагогтар көмегімен мақсатқа, бағдарламаға, құрылымға сәйкес беру және қабылдау жүзеге асырылады. Мемлекеттегі барлық білім беру мекемелері білім беру жүйесіне біріктірілген.
Білімділіке қойылатын басты талап – адамның логикалық ойлауының көмегімен білім жүйесінің кемшілігін өз бетінше қалпына келтірудегі білімнің және ойлаудың жүйелілігі.
Кез келген мектеп немесе университет бітірген адамда білімді деп айтуға болмайды.
Алған білімінің көлеміне және өз бетінше ойлау деңгейіне қарай бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және жоғарғы білімді, т.б. деп ажыратылады.
Білім беру деңгейлері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген төмендегі деңгейлерді қамтиды:
1)мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2)бастауыш білім бер;
3)негізгі орта білім беру;
4)орта білім беру»(жалпы орта білім беру,техникалық және кәсіптік білім беру)
5)орта білімнен кейінгі білім беру;
6)жоғары білім беру;
7)жоғары оқу орынан кейінгі білім беру.
Жалпы Білім беру көлемі мен бағытына мемелекет басшылық жасайды.
Білім беру: – қоғамға керекті білім жүйесі
Іскерлік пен дағды
Табиғат, қоғам адамның ойлауы туралы игерген білім нәтижесі