Байланысты: Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика
1.3.ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР Ұғым ғылымның мәнін ашатын неғұрлым ауқымды және жалпы түсініктер.Кез келген ғылымда ұғым жетекші роль атқарады. Негізгі педагогикалық ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту(1-сызба). Ғылым даму мен қалыптасуға да көп сүйенеді.
Тәрбие – жеке тұлға қалыптастырудағы мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған үдеріс.
Тәрбие – қоғам мен әлеуметтік – экономикалық, саяси және мәдени деңгеймен тығыз байланысты тарихи құбылыс.
Тәрбие: 1) қоршаған әлемдегі заттармен құбылыстарға нақты көзқарас; 2) өмірге көзқарас; 3) мінез- құлық қалыптастырудың негізінде мақсатты түрде жеке тұлға жасау.
Тәрбие педагогикада әлеуметтік кең мағынада, әлеуметтік тар мағынада, педагогикалық кең мағынада, педагогикалық тар мағынада қолданылады.
Әлеуметтік кең мағынада тәрбие – аға буынның жинақталған тәжірибелерінің кейінгі ұрпақтарға берілуі. Тәжірибе деп білім, іскерлік, ойлау тәсілдері, адамгершілік, эстетикалық,құқықтық нормалары, қысқасы адамзаттың тарихи дамуы кезіндегі меңгергендері.
Адамзат тәрбие арқылы қиындықты жеңді, нығайды, қазіргі даму деңгейіне жетті. Көптеген филосовтар қоғамдық өмірді басқару заңдылықтарын талдай келе тәрбие мен қоғамның өндіргіш күштерінің даму деңгейін белгілеп берген. Тарбие қоғамның дамуына әсер етті, қоғам тәрбиеге мүмкіндік жасады. Тәрбиенің бағыттылығы, сипаты, өндіргіш күштердің даму деңгейі мен өндірістік қатынастардың сипатына сәйкес. Сондықтан тәрбие нақты тарихи сипатқа ие.
Қоғамдық экономикалық формацияның өзгеруі тәрбиенің өзгеруіне әсер етті. Қоғамдық қарым- қатынастардың өзгеруі тәрбиенің мақсатын,міндетін, нысанын және ұйымдастырылуын өзгертті, ал оның әсері адамдардың санасы мен мінез – құлқын өзгертті.
Әлеуметтік тар мағынада тәрбие – қоғамдық институттар тарапынан тақты білім, көзқарас пен сенімділік, адамгершілік құндылық, саяси бағдар, өмірге дайындық қалыптастыруға бағытталған әрекет.
Қазіргі қоғамда тәрбие ісі отбасы, бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиеттер, өнер, еңбек ұғымы, құқықтық тәртіп органдары арқылы жүзеге асырылады.
Педагогикалық кең иағынада тәрбие – бұл оқу -тәрбие мекемесінде жүзеге асырылатын, ұжымның, тәрбиешілердің тәрбиеленушілерде белгілі сапа қалыптасыру мақсатында арнайы ұйымдаастырылған, бүкіл оқу – тәрбие үдерісін қамтитын мақсатты әрекет.
Педагогикалық тарр мағынада тәрбие – нақты тәрбиелік міндетті шешу, тәрбиеленушілердің жеке басының белгілі сипаттары мен қасиеттерін, көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыруға бағытталған әрекет.
Тәрбие ісі – педагогтың оқушыларға әсері кезінде, тәрбиеленушілердің бір – біріне әсері кезінде, педагогтардың оқушыларға әсері кезінде жүзеге асады. Педагогикада «Өзін – өзі тәрбиелеу», «Түзету», «Қайта тәрбиелеу» деген де ұғымдар бар.
Әр адамның дамуы адамзат жинақталған тәжірибенің тәрбие арқылы берілуімен жүзеге асады.