Байланысты: Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика
9.8. ДРАМАЛЫҚ ОЙЫНДАР Мектепке дейінгі балалардың драмалық ойындарына дайын
ертегілер, әдеби шығармалар пайдаланылады. Оның басқа ойындардан
ерекшелігі де осында.
Драмалық ойындар мазмұнды-рөлдік ойындарға ұқсас: екеуінде де
қоршаған ортадағы құбылыстарды, оқиғаларды, адамдардың іс-
әрекеттері мен өзара қарым-қатынаснелейді және
шығармашылық элементтер бар.
Ертегілер драмалық ойындардың негізі болып табылады. Ертегі
кейіпкерлерінің қылығы, ширақтығы, айқын дәлелдігі балаларды өзіне
тартады, сондықтан олар жақын көрінеді, іс-әрекеттер бірін-бірі
алмастырып отырады. Балалардың сүйікті ертегілері «Шалқан»,
«Бауырсақ», "Үйшік", "Үш аю" және басқалалары оңай драмаланады.
Драмалық ойындарда диалогтары бар өлеңдер де пайдаланылады,
диалогтардың арқасында мазмұнды рольдерді қайталап жасауға
мүмкіндік туады.
Балалар шығарманың мазмұнын, оқиғадағы ойды, оның дамуы мен
себебін, кезектікті драмалық ойындар көмегімен түсінеді. Ортақ
қуанышқа бөленген балалар іс-әрекет жасауға, өз қалауын ұжым
мүддесіне бағындыра білуге үйренеді.
Бұл ойындардың дамуы үшін мыналар қажет:
- балалардың ойынға ынтасын туғызу және дамыту;
- олардың шығарма мазмұны мен мәтінін білуі;
- костюмдердің, ойыншықтардың болуы.
Костюм кейіпкер бейнесін толықтырады, ол бала қимылы үшін, өзін
устауы үшін жайсыз болмауға тиіс. Костюм жасауға мүмкіндік болмаған
жағдайда, шығарма кейіпкерінің ерекшелілдіретін жеке
элементтерді пайдалануға болады. Мысалы, қораздың айдары, түлкінің
құйрығы, қоянның құлағы, т. б. Костюмдер жасауға балалардың өздерін
Тәрбиешінің басшылығы мынада:
- шығарманың тәрбиелік маңызын ескеру;
-мазмұны балалардың игеруіне және драмалық ойынға
айналдыруға қиын емес шығармаларды іріктеп алу.
Драмалық ойын үшін балаларға ертегіні арнайы жаттатудың қажеті
жоқ. Балалардың тезірек игеруіне шығарма тілінің тартымдылығы,
мазмұнының қызықтығы, мәтінді бірнеше рет қайталау, оқиға ширақтығы
көп көмектеседі. Ертегіні қайталау балалардың есінде жақсы сақталуына
мүмкіндік жасайды да, ойынға араласып, жекелеген кейіпкерлердің
рольдерін орындай бастайды. Ойнай жүріп бала өз сезімдерін сөзбен,
ишаратпен, ыммен, интонациямен жеткізеді.
Ойын барысында балаға қандай да бір тәсіл көрсетудің қажеті жоқ,
ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.
Педагогтың шығарманы оқып немесе әңгімелеп берген кезде ықылас қоюы, мәнерлеп жеткізуі, көркемдік әсер беру драмалық ойынды дамытуға ықпал жасайды. Дұрыс ырғақ, түрлі интонация, үзіліс, кейбір ым-ишараттар бейнені жандандырады, балалардың ойнауға ықыласын күшейтеді. Бірнеше рет қайталғаннан кейін балалар тәрбиешінің көмегінсіз, өзбеттерінше ойнай бастайды. Драмалақ ойынға бір мезгілде бірнеше бала ғана қатыса алады, сондықтан педагог балалардың бәрі де кезекпен қатысып шығатындай етіп ұйымдастырады.
Рольдерді бөлуде тәрбиеші балалардың ынтасын, тілегін ескереді,
ал кейде санау әдісін қолданады. Басқалардың күте-күте жалықпауы үшін, бір мезгілде ойнайтын бірнеше топ ұйымдастыруға, көрушілер мен ойнаушыларды алмастырып отыруға болады.