Педагогика



бет89/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Техникалық ойыншықтардың түрлері сан алуан. Олардың көбі серіппенің, электрдің, екпінді қозғағыштың жәрдемімен жүреді, алыстан басқарылатын ойыншықтар да бар:

  • Қозғалыс құралдарын- автомашиналар, корабльдер, самолеттер;

  • Еңбекте пайдаланатын техникалар- тракторлар, комбайндар, көтергіш крандар;

  • Байланыс пен ақпарат құралдары- телефондар, радио, телевизорлар, телеграф, киноаппараттар, филмоскоптар, эпидиаскоптар;

  • Құрастыруға арналған ойыншықтар.

Техникалық ойыншықтар балалардың білім құмарлығын, құрастырушылық ойлау қабілетін, шығармашылығын дамытуға көмектеседі.
Ермек ойыншықтары- халық ойыншықтарынан бастау алады: аңдардың, жануарлардың, адамдардың күлдіргі пішіндері. Олар кенеттен тосын қимылдар жасайды. Олардың мақсаты- балалардың көңілін аулау, көңілді күлкі туғызу, қуанышқа, ренішке бірге әсерлену, әзіл- қалжың сезімін тәрбиелеу, т.б. Тып- тыныш тұрған бақаны тетіктен басып қалғанда кенеттен секіріп кетеді, еңіс тақтайдың үстімен бара жатқан танаға қарап тұрып, балалар: «Құлап кетеді- ау»- деп елеңдеуменболады. Тана аман- есен түскен кезде, бәрі күледі. Қорап түрінде жасалған ойыншықтың тетігін басып қалғанда есікті ашып ит үріп шыға келеді, билеп жүрген лақтың ырғағымен балалар қол соғып, өздері де билеп тұрады. Ермек ойыншықтар сәбилер үшін былайша да қызық, ал ересектер тананың неге жүретінін, бақаның неге секіретінін, музыканттың неге ойнайтынын білгісі келеді.
Маскарад, шырша ойыншықтары- жаңа жылды мерекелеумен байланысты. Балалардың кішкентай кезінен- ақ, бұл ойыншықтар шыршаның сыйы екеін, олардың шыршаны әдемі, көрікті ететінін түсінеді. Шырша ойыншықтары оларды қуанышқа бөлейді, шаттандырады, сәнді қимылдарды дамытуға, нәзік заттарды абайлап ұстауға, ептілікке үйретеді.
Маскарад ойыншықтары кейіпкерді болмашы бір жері: құйрығымен, құлағымен, тұмсығымен ғана еске түсіреді, бірақ балалардың ойнауы үшін- образға беріліп кетуі үшін соның өзі де жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет