Педагогика



бет14/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

2.4.ТӘРБИЕ

Тәрбие – педагогикалық негізгі ұғым. Ол адам мінез-құлқының қоғамда қабылданған нормалар мен ережелерге сәйкес болуын және жеке адамның дара сипаттары мен қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етуге тиіс. Дегенмен адамның жеке басының қалыптасуы сыртқа жағдайларға және ортадан таралған әсердің сипатына, тұқым қуалаушылыққа да байланысты.


Тәрбие мен қоршаған ортаның тигізетін әсері адамның дамуы мен оның жеке басын қалыптастыруда ерекше роль атқарады. Тәрбие мен қоршаған ортаның әсерлерін зерттеу баланың мінез-құлық ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Отбасындағы жағымсыз жағдай баланың дамуына, үлгерімі мен мінез- құлқына әсерін тигізетіні байқалса, тәрбиеші отбасы тәрбиесіне араласуы тиіс: ата-аналарға ықпал жасау, олар жұмыс орындардағы қоғамдық ұйымдарға бару, баланың тілін табу мақсатында жеке жұмыс жүргізу, сабақ оқуы үшін қажетті көмек ұйымдастыру, т.б.
Тәрбие көпсебепті үдеріс болып табылады. Оған табиғи орта, өмірлік, әлем, отбасы, мектеп, жоғары оқу орны, жастар ұйымы, күнделікті және кәсіптік әрекет, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары әсер етеді.
Әсер етуші көп себептерді екі негізгі топқа бөледі:обьективтік және субъективтік.
Объективтік себептер тобына мыналар жатады:
-генеикалық тқұым қуалаушылық және адамның денсаулық жағдайы;
-отбасының әлеуметтік және мәдени қажеттіліктер;
- өмірбаян жағдайы;
-мәдени дәстүр, кәсіптік және әлеуметтік мәртебе;
- елдің ерекшілігі және тарихи дәуір.
Субъективтік себептер тобына мыналар жатады:
-психикалық ерекшеліктер, дүниеге көзқарас, құнды бағдар, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің ішкі қажеттілігі және қызығушылығы;
- қарым-қатынас жүйесі;
- жекелеген кісілер, топар, біріккен қоғамдастық тарапынан адамға ұйымдасқан тәрбиелік ықпалдар.
Педагог баланың білім мекемесінен тыс жердегі араласатын адамдарын білуге тиіс, себебі олар балаларға жағымсыз әсер тигізуі мұмкін. Балалардың мәдени демалысын ұйымдастыру, оларды спортқа түрлі үйірмелерге, техникалық шығармашылықпен шұғылдануға тарту мақсатында білім мекемелері мен отбасы тарапынан бірлескен жұмыс жүргізілуі тиіс.
Білім мекемесі тәрбие жұмысы мен ата-аналар арасында педагогикалық білімді насихаттау орталығы.

Тәрбие орта әсерлерімен өзара тығыз байланыста болып, қоғамдағы әлеуметтік жағымды жағдайларды пайдалануда, кейде отбасы немесе білім мекемесінен тыс жердегі жақын араласатын адамдар тарапынан болатын жағымсыз ықпалдың әсерін әлсіретуде жетекші роль атқарады.


Тәрбие – екі жақты үдеріс. Ол бала тәрбиеші қоятын талаптарды түсініп, қабылдағанда, оларды орындауға тырысқанда ғана тиімді болады.
Оқушы өзін – өзі тәрбиелеуді, өзін жетілдіруді қолға алып, өз еркін жұмылдырғанда ғана жеке адамның тәрбиесіне барынша белсене қатыса алады. Баланың өз мінез-құлқының ерекшеліктері мен қасиеттерін басқаның мінез-құлқымен салыстыра білуін дамыту өте маңызды. Баланың өзі еліктейтін, соған ұқсағысы келетін мақсаты болуының да маңызы аз емес.
Адамның жалпы дамуын қамтамасыз етуден, оның жеке басын қалыптастырудан, ондағы рухани қажеттер мен мүдделердің даму дәрежесінен тәрбие нәтижелері көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет