2.2.ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚ Тұқым қуалаушылық деп ата-аналарға биологиялық ұқсастықтың ұрпақтарда жаңғыртылуын атайды.
Тұқым қуалаушылық қасиеттерге мыналар жатады: адам ағзасының анатомиялық-физиологиялық құрылымы, оның жетілу сатылары, жүйке жүйесі құрылысының ерекшеліктері, адамның жеке-
дара ерекшеліктері. Анатомиялық-физилогиялық ерекшеліктерге терінің, көздің, шаштың түсі, адам ерекшеліктері: жоғары қабілетті ми, сөйлеу, тік жүру, ойлау нышандары мен еңбек ету қабілеті жатады.
Адам іс-әректтің белгілі бір немесе бірнеше түріне қабілетті.
Адамға табиғаттан дарыған нышан – оның ойдағыдай қызмет ету мүмкіндігі. Мүмкіндікті жүзеге асыру тұрмысқа, тәрбие жағдайларына байланысты.
Қабілеттің тұқым қууы, ұрпақтарда дарынды адамдардың шығуы белгілі бір нышандардың тұқым қуалап берілуінен ғана емес, балаларды іс-әректтің сол түріне тәрбиелеуден, оларды қызметтің сол түріне ерте араласырудан да болады.
Бала сөйлеуге деген жалпы нышандармен ғана туады, оның қай тілде сөйлейтіндігі оның қандай ұлттық ортада өсетініне байланысты болады.
Нышандар қызметтің белгілі түрін адамның ойдағыдай орындау шарты болғанымен қандай қызметте болмасын табысты болу еңбек сүйгіштікке, тәжірибе жинақтауға байланысты.
Жеке адамның барлық психикалық қасиеттері мен сипаттары адамның тіршілік ету барысында, оның басқа адамдармен қарым-қатынас, қоршаған ортамен өзара іс-әрекет жасауда дамып қалыптасады. Тәрбие үлке маңызға ие. Әлеуметтік мінез құлық туа бітпейді. Әлеуметтік даму әрбір адам үшін жаңадан басталады және ол қайталанбайтын жеке-дара жағдайда өтеді және сыртқы жағдай әсерінен болатын өзгешеліктермен байланысты.
Адам дамуы өте күрделі үдеріс. Жасы өскен сайын адамның ағзасы түрліше дамиды. Бұл жас ерекшеліктерінен көрінеді. Анатомиялық-физилогиялық даму ерекшеліктері қиын жас деп айтуға негіз болатын мінез-қоғамдағы мінез-құлқы және оның адамдармен қарым-қатынасы нақты әлеуметтік жағдайларда қалыптасады және адамның биологиялық қасиеттері оны алдын ала айқындай алмайды.
Адам өзі табиғи ортаны , өзі өмір сүретін ортаны белсенді түрде қайта құрушы.