Педагогика



бет47/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Сенсорлық тәрбие мазмұны.Сенсорлық тәрбие мазмұнына мыналар жатады түсті атауға үйрету,екі түсті бояуларды араластырғанда түс немесе жаңа ренк пайда болатыны туралы түсініктерді қалыптастыру заттарды түсіне қарай салыстыруға үйрету,суреттеп бейненің түс арқылы көркемдік сипат алатынын көре білу қабілетін дамыту.
Балалар алға –артқа ,жоғары-төмен,алыс-жақын,оңнан-солдан,ұзын-қысқа ,үлкен-кіші,кең-тар,биік-аласа тағы басқа кеңістікке қатысты түсінітерді игереді,заттардың формаларын,мөлшерін ажыратады,заттарды өзара салыстарады.
Сенсорылық тәрбие мазмұнына уақыт ұғымдары да көреді уақыты бағдарлау,уақытты игеру,уақыттың реттілігі ,уақыт ұзақтығы т.б. Балаға кеше,бүгін ,ертең ұғымдарын,уақыттың ұзақтығын түсіндіру оқыту арқылы жүзеге асырылады.

Есту сезімін дамыту,дыбыстарды тыңдап ажырата білу,тілдік есіту және музыкалық есіту қабілетін дамтыу да сенсорылық тәрбие мазмұнына енеді.


Сенсорлық тәрбие мазмұнына заттың сапасын сипап сезу арқылы ажырата білу,олардың тегіс,мамық,кедір-бұдыр,жұмсақ,қатты,ауыр,түйсігін дамыту да сенсорлық тәрбиесінің мазмұнына енеді.
Ойындарда және сабақтарда сенсорлық тәрбие тәрбиешінің басшылығымен жүзеге асырылапды.
Сенсорлық тәрбие әдістемесі. Іс-әрекет барысында түйсік пен қабылдауды дамыту жүзеге асырылады.Сурет салу ,мүсін жасау,жапсыру ,құрастыру сияқты өнімді іс-әрекет түйсік пен қабылдауды дамытуға жағдай жасайды,форманы,түсті ,кеңістікті бағдарлауды меңгеру қажеттігінтуғызады .
-бір заттың суретін салу үшін оның формасыни,оның белгілі бір геометриялық фигурамен ұқсастығын анықтау керек
-үлгі бойынша құрылыс тұрғызу үшін оны бөліктерге бөліп ,детальдарының ішінен керектілігін теріп алу керек.
Тексеру-сенсорлық тәрбиенің негізгі әдісі.Тексеру-бұл нәтижесін кейін қандай да бір мазмұнды қызметке пайдалану үшін аранайы ұйымдастырылған қабылдау.Балалар көлем,пішін,кеңестік қатынастарын ,түсті ,адам сөзіндегі дыбыстардан музыкалық дыбыстардың ерекшеліктерін бөліп қарауды,оларды бір-бірінен ажырата білуді тексеру арқылы үйренеді.
Сенсорлық эталон туралы ұғымын қалыптастыру –сенсорылық тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі.Эталондар –негізгі түстер,геометриялық фигуралар шар,куб,дөңгелек,квадрат т.б. нотаға түсірілген музыкалық дыбыстардың түрлі биіктіктері.Эталондармен және олардың сөздік белгілермен жақсы таныс бала қоршаған дүниені оңай бағдарлайды,заттың түсін формасын,көлемін,оның бөлшектерінің кеңістікке орналасуын атайды.
Әуелі олардың алдарына тәрбиешң бір заттың суретін салу үшін оның қандай бөліктерден тұратындығын,құрылыс тұрғызу үшін оның тәсілдеріне үйретеді де балаларды тексерудің негізгі кезеңдерімен таныстырады.Тексеру мына кезеңдерден тұрады.
-заттың тұтас бейнесін қабылдау,
-оның жекеленген бөліктерін және олардың қасиеттерін формасы,көлемі,т.б. анықтау
-бөліктердің кеңістікті бір-біріне өзара қатынасын жоғары,төмен,солға,оңға анықтау
-заттың неғұрлым ұсақ бөлітерін бөліп қарау және олардың негізгі бөліктерімен қатынасын ажырату
-заттардың тұтас бейнесін қайта қабылдау.

Тексеру үшін іс-әркеттің түрлеріне қарай әдістер іріктеледі.Мысалы,қағаз бен матаның қасиеттерімен анықтау үшін балаларға қағаз мен матаны бүктегенде естілетіндыбыстарды тыңдауды ,қағаз бен матаның қиығын жыртқан кезде шығатын дыбыстарды тыңдауды ұсынады.


Балалардың жас ерекшелігін ескере отырып тексеруге үйрету жүргізіледі сәбилерге негізгі түске боялған доп,куб,кәшкене мұнара сияқты артық детальдарды жоқ қарапайым формадағы заттар берілсе,ересектерге түсін,формасын,салмағын,қатты –жұмсақтығын,материалын анықтап,талдау жасау ,сапаларын анықтау тапсырылды.Балалар тексеруді жүйелі жүргізе отырып заттың белгілерін көбірек анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет