«педагогика»


«Кәусар бұлақ» бағдарламасы (авторы Зейнеп Ахметова)



бет14/32
Дата16.05.2023
өлшемі186,9 Kb.
#93618
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Байланысты:
«педагогика»

«Кәусар бұлақ» бағдарламасы (авторы Зейнеп Ахметова)
«Сөз атасы сәлем» - Ата-баба дәстүріндегі сәлемдесу жөн-жобалары (шаңыраққа сәлемдесу, аттан түсіп сәлемдесу, қолдасып, төс қағысып амандасу); «Ұлттық болмыс ұғымдар» Жетілік ұғым (7 ата, 7 күн, 7 шелпек, 7қазына, т.б.); «Қазақша жыл, ай атаулары туралы»; «Ислам дінімен байланысты ұғымдар» (ораза, айт, намаз, т.б.); «Қазақтың тыйым сөздері» (Үйді айналама, итті теепе, тұзды төкпе, нанды аяқпен баспа); «Балалар батасы»; «Адамдық парыздар» - үлкенді сыйлау, туыстық туралы, туған жер, әке-ана, ата-әже.
Тәрбие ұжымын тәрбиелеудің маңыздылығы, мектеп қабырғасынан шыққаннан кейін олар әртүрлі ұжымға тап келеді.Сондықтан да олардың сынып және мектеп ұжымдарында жеке бастарының қаншалықты үйлесіп, қалыптасуына байланысты оның кейінгі уақыттардағы психологиялық жағдайы сәйкестенеді, қайсібір әрекеті нәтижелі болады. Тәрбие ұжымында бала өзінің үлкендермен қарым-қатынастағы қабілетін тәрбиелейді.Соған орай ұжымдағы өзара қарым-қатынас жүйесі бір-бірімен байланысты іскерлік және достық жайында болып келеді.Олар негізінен ұжым болып қалыптасу кезеңінің алғашқы мерзімінен бастау алады.Аристотель айтуынша, адам баласы қоғамның тірі организмі болғандықтан, тек қоғамда ғана ол өзінің табиғатын дамыта алады.Олай болса, ол қарым-қатынас жасау барысында өмір сүруге және ғылымға қатысты білімдерді алады, әр түрлі әрекетке қатысты білік пен дағды қасиеттерін меңгереді, қоршаған ортаның тылсым құбылыстарын түсіне бастайды және соған өзгелер де бейімделеді.
Сыныптағы оқушылардың өзара дұрыс қарым- қатынасы - тұрақты көңіл-күйді, бір-біріне сенім мен сыйластықты қалыптастырады. Дұрыс қарым-қатынас - өмір құбылыстарын бағалау өлшемін және ақиқат, жақсылық, әсемдік туралы көзқарасты тәрбиелейді.Сондықтан, тек адамдармен шынайы іскерлік, достық қарым-қатынаста ғана адамның өзін-өзі дамуына мүмкіндік туады.Ол үшін, адамға қолайлы жағдай жасау керек. Оқу-тәрбие процесінде мұндай жағдай негізінен оқушының жолдастары арасында өзара достық қарым-қатынаста мүмкін болады. Осындай қарым-қатынастағы балалар тобын – тәрбие ұжымы деп атауға болады.
Педагогика ғылымында балаларды ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу идеясы 1920-1930 жылдардан бастау алып, бүгінгі күні ол толық зерттеліп, мектеп практикасында жүзеге асып отыр.
А. С. Макаренконың тұжырымдауынша, ұжым- ол тірі әлеуметтік организм, ондағы даму, «қозғалыс- ұжымның өмір сүру формасы ». Олай болса ұжымның тәрбиелік қызметі кең көлемді міндеттерді шешеді: қоғамдық маңызы бар ортақ мақсаты және соған сәйкес өзара әрекеттесу болашағын ойластырудың;оның әрбір мүшесінің өзара тіршілік етуінде белсенді қатынасын қамтамасыз етуді; жоғары адамгершілік межелері мен жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды меңгеруді; оның жекелеген мүшесіне өзін- өзі дамытуға мүмкіндік туғызуға, ол үшін ұжымда жағымды көңіл-күйді қамтамасыз етуге т.с.с.
«Ұжым” – латын тілінен енген ұғым. Ол бізге әртүрлі түсінікті ұғындырады: жиналған жұрт, жиын, топ, бірлестік т.с.с. Нақтылағанда – оны әрекеттің түріне байланысты адамдардың тобы деп түсінген дұрыс.
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде “ұжымды” екі түрлі түсіндіреді. Біріншісі, қандай да бір ұйымдасқан адамдар тобы( мысалы өндірісте еңбек ететін адамдар тобы), екіншісі, тек жоғарғы деңгейде ұйымдасқан адамдар тобы немесе бірлестік.
Оқушылар ұжымына келсек, оның өзіндік белгілері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет