«педагогика»



бет12/32
Дата16.05.2023
өлшемі186,9 Kb.
#93618
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
«педагогика»

Ақыл-ой тәрбиесі. Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Құлық тәрбиесі. Мораль барлық қоғамдық өмірдің саласында – еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда, үйелменде және халықаралық қатынаста адамның мінезін және санасын реттейді. Эстетикалық тәрбие. Адмдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғрғы рухани ләзаттануға мүмкіндік береді. Дене тәрбиесі. Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Оқушылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі. Еңбек тәрбиесі. Адамның жан-жақты және үйлесіімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Ал халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады. Құқықтық тәрбие. Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстанымдылығы, жігерлігі мен батылдығы қалыптасады.


Дәріс 10. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдістерінің формасы мен құралдарының жүйесі.
Жоспар:
1. Құралдар, формалар, әдіс-тәсілдер педагогикалық процестің қозғаушы күштері ретінде.
2. Оқыту мен тәрбие әдістерінің өзара байланысы.
3. Педагогикалық шығармашылықтың белгісі ретінде тәрбие әдістерін сұрыптау

Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі. Барлық әдістер тәрбие мақсаттарына іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармне қарым-қатыгам жасауға және олардың іс-әрекеттеріндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет.


Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады. Тәсіл әдістің құрамды бөліктерді, әрбір әдістің тәсілдері болады. Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері, көрнекті құралдар, көптеген коммуникакция құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану қажет.
Тәрбие формаларының түрлері және оларды сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану маңыздылығы..
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина және В.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерінде қолданылып келеді.
Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары жасаған тәрбие әдістерін жіктеу 3 топқа бөлінеді.
Бірінші топ – тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбелік ситуация.
Екінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері. Бұл топтың әдістері: саяси, этикалық әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекциялар, өнеге..
Үшінші топ – мадақтау және жазалау әдістері. Өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде адамгершілік тәрбиесінің әдістері көмектесуді қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет