«педагогика»


Дәріс 9. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің мазмұны



бет11/32
Дата16.05.2023
өлшемі186,9 Kb.
#93618
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Байланысты:
«педагогика»

Дәріс 9. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің мазмұны.
Жоспар:
1. Тәрбиенің мақсаты, мазмұны және олардың өзаора байланысы.
2. Тәрбиенің түрлері: адамгершілік, ақыл-ой, дене, эстетикалық, еңбек,т.б.

Тәрбие - бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс.


Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:
-«мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс» мәні, «әлеуметтік процесс» мәні, «тұлға қалыптастыру» мәні, «арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе» мәні,
«тәрбиелеуші мен тәрбиеленушінің ықпалдасты әрекеттері» мәні.
Гуманистік педагогика тәрбиесі – көзделген мақсатқа жеткізуші тәрбиелеуші мен тәрбиеленуші арасында тиімді қызметтестік процесі.
Тәрбие мұраттарын анықтауда жаңа жағдайлар мен жаңа қоғамға икемдескен адам мұраты арқау етіледі. Тәрбие мазмұны, формасы, әдістері – бәрі де мақсатқа тәуелді. Тәрбие мақсатын түсінуден оны іске асырудың технологияларын таңдауға жол ашылады.
Тәрбие мақсаттары жалпы (барша адамдарға арналған) және даралықты (жеке адамға арналған) болып бөлінеді.
Бұл тәрбиелік жүйеде әрдайым бір тәрбие мақсаты көзделеді, ал мақсатқа орай орындалатын міндеттер (жалпы не нақты) көптеген болуы мүмкін. Тәрбие масқаттары қоғамның даму қажеттерімен айқындалып, әлеуметтік және техникалық прогреске, қоғам, ересектер мен балалардың мүмкіндіктеріне тәуелді келеді. Тәрбиелік іс-әрекет нәтижесінде көрініс беретін көкейкесті мақсаттар: әр адамның даралықты дамуы және оның әлеуметтенуі, ал бұл өз кезегінде ақыл-ес, адамгершілік, әсемдік (эстетикалық), азаматтық, еңбектік және тән-дене тәрбиесі міндеттерінің орындалуымен анықталады.
Тәрбие міндеттерінің шешімі тұлға мәдениеттілігінің негізін қалайды.
Оқу және тәрбие - өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері әрқилы, дегенмен бір-бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу әдістері және формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше.
Жалпы педагогикалық процестің аталған екі қызметінің арасындағы принциптік айырмашылық: оқу барысында шәкірт әр түрлі ғылымдар негізін меңгереді, ал тәрбие процесі оқушының тұлғалық сапа-қасиеттерін қалыптастыруға бағышталады.
Тәрбие процестеріне тән ерекшеліктер: мақсатты бағыттылық, мақсаттар бірлігі, нәтиже ұзақтығы, көп жағдаяттылығы, ауыспалылығы, үздіксіздігі, кешенділігі, баламалылығы, екі тараптылығы , тәрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы, тәрбиеші тұлғасы – тәрбие барысына ықпалды маңызды жағдаяты, қарама-қайшылықты болуы.
Баланы оқыту мен тәрбиелеуде жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығы. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік есею проблемасы. Жеке ерекшеліктерді есепке алу – бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып, тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет