«педагогика»



бет18/45
Дата05.03.2022
өлшемі186,9 Kb.
#27091
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
Ақыл-ой тәрбиесі. Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Құлық тәрбиесі. Мораль барлық қоғамдық өмірдің саласында – еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда, үйелменде және халықаралық қатынаста адамның мінезін және санасын реттейді. Эстетикалық тәрбие. Адмдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғрғы рухани ләзаттануға мүмкіндік береді. Дене тәрбиесі. Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Оқушылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі. Еңбек тәрбиесі. Адамның жан-жақты және үйлесіімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Ал халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады. Құқықтық тәрбие. Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстанымдылығы, жігерлігі мен батылдығы қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет