Дәріс 7. Тәрбиенің мақсаты, әлеуметтік келісім.
Жоспар:
1. Педагогикалық ой-пікірлер тарихындағы тәрбиенің мақсаты мен мәселелері.
2. Әлеуметтендіру және жеке тұлғаны дербестендіру мәселесі.
3. Тәрбиенің жан-жақты үйлесімді даму мазмұны, міндеті, мақсатының өзара диалектикалық байланысы
Тәрбие мақсаты дегеніміз не?
Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек. Оны ойдан шығаруға болмайды.
Ерте заманнан бері тәрбие мақсаты туралы білім жалғасып келеді. Көп уақытқа дейін тәрбие мақсаты идеалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға ретінде түсінеді. Бүгінде тәрбиенің мақсатын әлеуметтендіру мәселелерімен бірлікте қарастыру өзекті мәселелердің бірі екеніне ерекше мән берген орынды.Тәрбие мен оқыту қоғамдық категория ретінде оның талаптарын объективті түрде білдіреді. Яғни, «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген қағидаға сүйенсек, онда тәрбиенің мақсаты қоғамның мақсатымен бірлікте болады.
«Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек».
Жан-жақты үйлесімді дамыған адам деп - өзінің бойындағы рухани байлықты, моральдық тазалықты және дене жағынан жетілгендікті үйлестіре, ұштастыра білген, сана-сезімі жоғары, өмірдің түрлі салаларында белсенді қызмет етуге қабілетті, ізгіленген және қаракетшіл тұлғаны айтуға болады. Методология - ғылыми таным әдісі; ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Методология – бұл теориялық және практикалық әрекеттерді ұйымдастыру тәсілдері және принциптердің жүйесі немесе жиынтығы. Олай болса, «Методология» грек тілінен аударғанда «әдістер туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. «Метод» немесе «әдіс» термині тікелей нақты бір нәрсеге қол жеткізудің жолы ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады.
Педагогикада–тұлғалық-бағдарлық,іс-әрекеттілік, мәдениет шілдік, жүйелілік, кешенділік, ықпалдыстық, біртұтастық, этнопедагогикалық, антропологиялық секілді әдіснамалық принциптерінің жүйесі қалыптасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |