«педагогика»


Педагогикалық эксперимент міндеттері



бет12/45
Дата05.03.2022
өлшемі186,9 Kb.
#27091
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
Дәрістік кешен

Педагогикалық эксперимент міндеттері: 1) жобаланған педагогикалық құбылыс және оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мәнін зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы; 3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нәтижесін өлшестіру.

Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эксперимент-қайта жасаушы деп аталады. Эксперименттік әдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу юарысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен әдептілігі, көрегіндігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу қабілеттілігі де маңызды келеді.

Педагогикалық математикалық және статистикалық әдістер сауалнама, эксперимен жолымен алынған деректемелерді өндеу үшін, сондай-ақ зерттеліп жатқан құбылыстар арасындағы сандық тәуелділіктерді анықтау мақсатында қолданылып, эксперимент нәтижесі бағалауға, қортыдындылар сенімділігін арттыруға, теориялық тұжырымдаларды негіздеуге жәрдемдеседі.

Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан, әлі анықталмай елеусіз болған құбылыстар байланысы мен тәуелділіктері ұланғайыр, тың халінде.Педагогиканың жемісті дами түсуінің басты шарты-ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті іс-әрекетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет