Ұсынылатын әдебиеттер: [5],[7],[16],[18],[19],[20],[27]
10. Оқу жоспары бойынша лабораториялық сабақтар қарастырылмаған
Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін (СОӨЖ) сабақтардың жоспары
Оқытушының жетекшілігімен өтетін студенттердің өзіндік жұмыс аясындағы сабақтар төмендегі формада болғаны абзал. Әдістемелік терминдердің мән мағынасыны айқындалып, тақырып бойынша берілген тапсырмалар орындалады. Пайдалануға ұсынылған ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді (қазақ, орыс, ағылшн, неміс, француз тілдерінде басылған), сонымен қатар озық педагогикалық тәжірибемен таныса отыра, тақырыптар ауқымын еркін меңгеруді мақсат етіп қою керек. Мәселені талқылағанда сұхбаттастың көзқарасына сыйластықпен қарап, өз ойын тиянақтап, түсінікті, ізетті түрде жеткізе білу керек. Рефераттар тізімі 13 бөлімінде рефераттарды дайындаңыз, және олар бойынша пікір алмасыңыздар.
№1 СОӨЖ тақырыбы. Адамның жоғары деңгейдегі білімінің аясындағы педагогикалық акмеология
Өткізу формасы: пікірталас
Тапсырмалар
Ұсынылған әдебиеттер тізімін пайдалана отыра тілге тиек етіліп отырған мәселе бойынша пікір алмасыңыз.
Акмеология туралы бірнеше анықтамаларды салыстырыңыз. Олардың қайсысына басымдық бересіз?
Таңдаған мамандығыңыз аясында акмеологиялық қағидаттарға түсінік беріңіз.
Акмеологияның педагогика және психологиямен ара байланысының негізгі аспектілері туралы сөз қозғаңыз, сонымен қатар акмеологияның іргелес ғылымдардан айырмашылықтарын атап өтіңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер: [2], [3], [5], [20], [21]
№2 СОӨЖ тақырыбы. Педагогикалық акмеология аясында педагогтың кәсіби тұлғасы
Өткізу формасы: жеке дара жобалау әдісі
Тапсырмалар
Таңдаған мамандығыңыз бойынша дәріс беретін педагогикалық шеберлігі жоғары оқытушылар туралы әңгімелеңіз.
Кәсіби білім беруде өзін-өзі кәсіби кемелдендірудің негізгі кезеңдерін зерделеңіз.
«Акме», «педагогикалық шеберлік», «кәсіби шеберлік», «педагогикалық жаңашылдық» ұғымдарының айырмашылықтары неде деп ойлайсыз?
«Мен-табысты педагогпын» аясында өзін-өзі кемелдендіру және өз әлеуетін іске асырудың жоспарын құрыңыз.
Педагог мамандығын таңдау мотивациясын анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |