5. Пәннің қысқаша мазмұны. «Педагогикалық акмеология» курсы болашақ шетел тілдері мұғалімдерін педагог қызметінде кәсіби шеберлік пен құзыреттілікке жету жолдарымен таныстырады және ол шетел тілдері мұғалімін кәсіби педагогикалық даярлау жүйесіндегі басқа іргелес пәндермен байланысты. Аталмыш курс таңдамалы пәндер жүйесіне кіреді.
Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері: «Педагогикалық акмеология» курсының мақсаты:
Акмеологиялық тұрғыдан білімді педагог даярлаудың негізін қалыптастырып, кәсіби шеберліктің шыңына жетудің алғашқы білік-дағдыларын меңгерту болып табылады.
Курстың негізгі міндеттері:
Педагогикалық акмеологиялық проблемалар туралы студенттердің білімін қорытындылап, бір жүйеге келтіру;