Педагогикалық акмеология



бет19/36
Дата03.11.2023
өлшемі0,78 Mb.
#121608
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Байланысты:
УМК педакмеология 2019, курс 3

Топтық жұмыстың нәтижесі мынада:
- Оқу үдерісін жеңілдету жолы;
- Кәсіби болмысқа сай емес әрекеттерден арылу;
- Оқушылардың командалық жұмыс дағдысын үнемі жетілдіру.
Жоғарыда айтылған 5 элементті пайдаланғанда мынадай нәтижеге жетуге болады:
1. Кез келген сабақты топтық оқыту әдісіне негіздеп өзгертуге ;
2. Топтық оқыту әдісінде оқушыға және әдіске қойылатын талапқа сай арнайы жағдайға бейімдеу;
3. Егер де қажет болған жағдайда топтың жұмысын жетілдіру мақсатында мұғалімнің топқа қосылуы.
Топтық жұмыс-екі топқа бөлінеді: дифференциялды және бірыңғай. Біріңғай топтық жұмыста барлық топ бірдей тапсырманы орындайды. Ал дифференциялды топтық жұмыс түрінде, әр топтағы оқушылар ортақ тақырыптағы әртүрлі тапсырмаларды орындайды.
Дифференциялды жұмыс жекелеме және жалпылама жұмыстың түрін өзгертіп, тиімділігін арттырады.
Шетел тілі пәнін жиі пайдаланғаны абзал. Осы жұмысты ұйымдастыру мақсатында бірнеше мысалдар келтіруге болады.
1.Сұхбат (интервью)
2. Ақпарат банкі.
3. Жұбын іздеу
4. «Бос орындық» әдісі.
5. Координация әрекеті.
Топтың оқыту әдісінде тек топты топтастырып, тапсырманы дайындау ғана жеткіліксіз, оқушы білімді игеруге ынталы болулары қажет. Осыған орай мынадай нақыл сөз еске түседі: «Мен түйені суға апарғаныммен, оны күштеп су ішкізе алмаймын». Бұл мәтел оқу-тәрбие жұмысында ынта-құлшыныстың рөлін ерекше айшықтайды.
Сондықтан топпен оқыту әдісінде топта жұмысты ұйымдастыру тапсырмамен жұмыс істеу әдісі ғана емес, ең маңызды мәселе топтағы оқушылардың іс-әрекет жасауға қызығушылығын (ынтасын) туғызу.
Топпен оқыту әдісі аясында шетел тілі пәнін оқытуда кездесетін қиыншылық– топ ішіндегі оқушылардың шетел тілінде қарым-қатынас жасаудан гөрі ана тіліне ауысып кетуі, осы құбылысты еңсеру үшін оқушыларға сабақта ана тілінде сөйлейтін болса, кейбір ойын, қызығушылық туғызатын іс-әрекет амалдарды қолданбайтынды ескерту керек. Ал шетел тілінде қарым-қатынас жасайтын болса олар көбірек қолданады. Мұғалім тарапынан тынымсыз еңбек арқасында жақсы нәтижеге жетуге болады. Алғашқы кезде біраз қиындық болғанымен, машықтанудың арқасында оқушылар біртіндеп шетел тілінде сөйлеуге үйреніп алады.
Біз шетел тілі пәндері сабағында қолданылатын кең таралған топтық әдіспен жұмысты қарастырдық. Жүйелі және мақсатты жұмыс істеу барысында топқа оқушылардың тілдік қорын дамытуға болады.
Проблемалық оқыту әдісі
Жоғарыдағы айтылған әдістерді пайдалану барысында оқушылардың ойлау қабілеті, сөйлеуге мотивациясы артып, оқушылардың тұлға аралық байланысы қалыптасады, білім алмасу арқылы топта оқушының өзіндік статусы қалыптасады. Топпен оқыту әдісін пайдалану сабақтың қызықты өтуіне себебін тигізеді. Шет тілі пәндерінде топпен оқыту әдісінің негізінде бір-бірімен қарым-қатынасқа әдістемелік принцип пен коммуникативті бағытта жүзеге асырады.
Оқыту әдістемесінде проблемалық оқыту әдісі жаңа әдіс болып табылмайды: ол 20-шы ғасырдын 20 – 30 жылдары советтік және шетел мектептерінде тарала бастады. Проблемалық оқыту әдісі американдық философ, психолог және педагог Дж.Дьюидің (1859 - 1952) теориялық ережелеріне негізделеді, ол 1894 жылғы Чикаго қаласындағы тәжірибелі мектептің негізін салушы, бұл мектепте оқу жоспары ойын және еңбек ету әрекеттерімен алмастырылған. Оқу, жазу, есептеумен айналысу- балалардың физиологиялық дамуына байланысты кенеттен пайда болатын инстинкті түрдегі қажеттіліктеріне орай жүргізілді. Дж.Дьюи оқыту үшін төрт танымдық ерекшелікті атап көрсетті: әлеуметтік, құрастырушылық, көркем айқындау және зерттемелік. Осы инстинктерді қанағаттандыру үшін балаға таным көзі ретінде: сөз, көркем әдебиет шығармалары, техникалық құралдар ұсынылды, балалар ойынға және тәжірибелік әрекет – еңбекке тартылды.
Дж.Дьюи бойынша концептуалдық ережені қарастырайық:
-Бала даму барысында адам баласының тану жолын қайталайды;
-Білімді сіңіру кенеттен болатын, басқарылмайтын үдеріс болып табылады;
-Бала материалды тек қана есту немесе сезім мүшелері арқылы ғана емес, сонымен қоса білімге деген қызығушылықтан туған қажеттіліктің нәтижесі ретінде, білім алудағы белсенді субъект бола отырып қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет