Педагогикалық акмеология



бет21/36
Дата03.11.2023
өлшемі0,78 Mb.
#121608
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Байланысты:
УМК педакмеология 2019, курс 3

Оқытудың жобалау әдісі
Қазіргі кезде көптеген мектептер шетел тілін оқыту барысында біршама қиыншылықтарды бастан кешіруде. Сабақ барысында алған білімдерін оқушылардың сыныптан тыс уақытта қолдану мүмкіншілігінің болмауы, олардың оны оқып үйренуге деген қызығушылығын төмендетеді. Кейбір мектептердегі материалдық базаның әлсіздігінен заманға сай мультимедиялық технология әзірше оқушылар үшін қол жетпес дәрежеде. Сондықтан әлемдегі бірқатар мемлекеттерде кеңінен қолданыс тапқан – оқыту-тәрбиелеу процесіндегі жобалау әдісінің қолданылуы өте орынды. Бұл әдіс ортақ бір мәселені шешуде оқушылардың әртүрлі сала бойынша алған білімдерін практикада қолдана білулеріне мүмкіндік бере отырып, жаңа идеялардың қалыптасуына түрткі болады. Бұл әдіс дағдылы жалпы білім беретін мектептердегі оқыту процесін оңтайлы тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді.
Егер біз жобалау әдісі жайлы сөз қозғасақ, онда мәселені әбден талдап дайындау арқылы жүзеге асырылатын дидактикалық мақсатқа жету әдісін көздейміз. Мәселені зерттеп дайындау осы және де басқа түрде жинақталған, әбден шынайы, айтарлықтай практикалық нәтижелермен аяқталуға тиісті.Жобалау әдісінің негізінде «жоба» түсінігінің мәнін құрайтын, осы немесе өзге практикалық немесе теориялық маңызды мәселені шешу барысында қол жеткізуге болатын, оның нәтижеге жетуге арналған прагматикалық бағыттылығы идеясы жатыр. Бұл нәтижені шынайы практикалық әс-әрекетте көруге, мәнін түсінуге немесе қолдануға болады. Мұндай нәтижеге жету үшін, міндетті түрде оқушыны өз бетімен ойлай білуге үйрету керек; жобаны іске асыру үшін түрлі салалар бойынша білім беруші жобаларды орындауға тарту; мүмкін болатын, белгілі бір нәтиже нұсқаларын жорамалдау; бір-біріне көмектесіп, бірігіп жұмыс істеу.
Жобалау әдісі жобаның орындалуына ат салысқан әрбір оқушы үшін маңызды, шынайы практикалық нәтижеге анық бағытталған, мәселелік, ізденістік және зерттеушілік спектрлердің кең ауқымда қолданылуын ұйғарады. Сол сияқты мәселені толығымен ұйымдастыруда түрлі факторлар мен оларды шешу және олардың нәтижелерін жүзеге асыруды есепке алу шарттары да ескеріледі.
2. Е.С. Полат жобалардың келесі түрдегі типологиясын ұсынады:
1. Зертеуі жобасы.
2. Шығармашылық жоба.
3. Рольдік-ойындық жоба.
4. Ақпараттық жоба.
5. Практикаға бағытталған жоба.
Жобаның пәндік-мазмұндық саласының белгісі бойынша Е.С.Полат келесілерді атап көрсетеді:
1. Моножобалар.
2. Пәнаралық жоба.
Координациялық сипаты бойынша жобалар ашық, анық координациялы (мұнда координатор, қажет болған жағдайда жобаның жеке сатыларында көмектесу және ұйымдастыру арқылы, жобаға қатысушылардың жұмысына бағыт береді) және жасырын түрдегі координациялы (мұнда координатор толық құқұлы жобаға қатысушысы болып саналады) болып бөлінеді.
Есте болатын жайт, жобаға байланысты барлық тапсырмаларды орындау үшін, оқушылар белгілі бір интеллектуалдық, шығармашылық және қарым-қатынас жасау біліктерін меңгеруі тиіс. Оларға мысал ретінде мәтінмен жұмыс істеуді (негізгі ойды таба білу, қажетті ақпаратты іздей білу), ақпаратты талдау, қорытынды жасау, түрлі анықтамалық материалдармен жұмыс істеуді жатқызуға болады. Шығармашылық іскерлікке идеялардың басын біріктіруді жатқызуға болады (бұл үшін әр түрлі сала бойынша білім қажет болады). Сөйлеу әрекетінің әр түрлі түріне үйретудің міндетіне жоғарыда аталған іскерліктердің көпшілігін қалыптастыру жатады.
Сонымен жобалық әдістің сауатты түрде орындалуы үшін, әрине мектептегі оқытудың тұтас жүйесінде іске асатын қажетті дайындық талап етіледі. Осындай дайындық жұмысы үнемі, жүйелі түрде және жоба жұмысымен қатар жүргізіліп отырылуы қажет.
Негізінен жоба бойынша жұмыс бірнеше сабақты қамтиды, ал оны қорғау үшін қосарланған сабақты арнаған тиімді немесе оны қорғауды сабақтан тыс уақытта өткізу керек.
Бірінші кезеңде оқушыларға жасырын түрде берілген мәселені анықтау және қисындап мазмұндау ұсынылады. Бұл жағдайда жанама сұрақтар көмектеседі. Мұғалімнің міндеті оқушылар мәселені мүмкіндігінше анағұрлым өз бетімен шешетіндей жағдаятты ашып көрсету болып табылады. Осындай жұмыстың нәтижесі оқушылар ұжымда талдайтын белгілі қорытынды болып табылуға тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет