Электрондық оқулық және оның құрылымы
Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.
Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.
Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.
Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |