Педагогикалыќ баєдарламалыќ Ќамтылу (ПБЌ)


-лекция. Интерактивті тақтаны оқу процесінде қолдану



бет15/65
Дата13.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#25397
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65
Байланысты:
лекциялар

4-лекция. Интерактивті тақтаны оқу процесінде қолдану.
1. ACTIVpen активті қалам.

2. Жұмыс үстелінің құрылымы.



3. Флипчарт.
Жоғарғы оқу орнында практикалық сабақты өтіудің мақсаты-мәнді тереңдетіп оқыту, студенттердің оқытушымен бірігіп теориялық білімін практикада қолдану дағдысын қалыптастыруға,олардың білімін тексеру үшін өткізіледі.

Пән мақсатына байланысты практикалық сабақта әр түрлі: тефераттар, баяндамалар, жатықтырушы мысалдар, эксперименттер, семинар, лабораториялық жұмыстар және т.б. талқылау әдістері қолданылады. Практикалық сабақтарда уақыт үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау және аудиториямен кері байланыс жұргізу мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиіді. Интерактивтік тақтаның үш режимдердің әрқайсысына тоқталайық.

Ақ тақта режимі-ең қарапайым режим, бұл режимді семинар сабақтарын жүргізгенде қолдануға болады.Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерлерін белгілеулермен,негізгі ұғымдарын ерекшелеу (сызу) үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады.Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, тарихтан, физика және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы.Фон ретінде географиялық картаны, физикалық ақпаратардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға,жазуға мүмкіншілік бар. Мысалы, (1-сурет) ақ тақта режимінде фон ретінде Қазақстаның картасын пайдаланып, 22 Февраль деп жазып Ақтөбе обылысының маңайын қызыл сызықпен қоршауға болды.

Екінші режим-Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материялдар дайарлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестенің құжаттары, Power Point-презентациясы болуы мүмкін. Практикалық сабақты жүргізуде қайталаудың рөлі ескеріледі. Қайталауды жүргізудің нұсқалары блиц-тестер, стандартты есептерді шығару екені белгілі. Практикалық сабақтың бұл бөлігін жүзеге асыру мақсатында сабаққа дайындық материялдарын жақсы дайарлау қажет, ол үшін интерактивті тақтаны қолдану мүмкіншіліктеріне тоқталамыз.

Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптардың дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің “төртбұрыш” (“овал”) обьектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office-нің барлық мүмкіншіліктерінін ұсынады.

Сондай мүмкіншіліктерінің бірі-құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады,яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, оқытушы студентті тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шықарып, студенттің жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады (“тік төртбұрыш”обьектісін жылжыту немесе жойыу арқылы) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.

Үшінші режим-тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Семинар сабақтарын жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файылдарға, интернент беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Обьектіге сілтеме белгісі арқылы белгіленеді.

Сабақтың бұл формасын өткізуде сол сияқты әр түрлі пәндерге арналған галерея қорларын пайдаланған тиімді. Қордан алынған материалдарды оқытушы өзіне ыңғайлап өзгерте алады.

Қорлар екі топқа бөлінеді: статикалық және динамикалық қорлар белгісімен белгіленеді және оны оқу процесіндегі ситуацияларды моделдеуде қолданған тиімді (білімді тексеруде, құбылыстарды түсіндіруде, таңдауда және т.б.).

Прожектор және шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір обьектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше обьектілер орналасқан болса, оның қажет обьектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған (есеп шығалуда дұрыс жауапртарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты) және материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.

Запись және Воспроизведение құралы дыбыс пенбірге интерактивті тақтадағы барлық жағдайларды түсіруге, яғни бейне файылдарын құруға мүмкіншілік береді. Ондай файылдар бейнедәрістер, бейнесеминарлар, бейнеге түсірілген проблемалық есептеулерді шешу әдістері болады.

Шешімінде мазмұнды әдістемелік қасиеттері бар есептердің шешіміне арналған бейнематериал даярлауға болады. Тиіпті қателіктер тыңдалыуы керек, яғни ол қателік көзге өте көрінбеуі керек. Студенттердің міндеті сабақ барысында қателіктерді тауып, дәптерлерінде белгілеп және сабақ соңында айту. Қателерді жөндеу жұмыстарын үй тапсырмасы ретінде беруге болады.

Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті тақтаны қолдану оқушының жеке тәжіреибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті тақта оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл студенттің пәнге деген қызығушылығын aрттырыды. Ал жеке галерея жасау, ол оқытушының да сол сияқты студенттің де шығармашылық жасауын жігерлендіреді. Қортындылай келе интерактивті тақтаны орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет