Педагогикалық әдістерді мынадай сипаттамаларына байланысты жіктеуге болады:
- Оқытылатын материалдардың құрылымдық-мазмұндық көрсеткіш-теріне;
- Оқу материалдарын ұсынудың практикалық әдістеріне;
- Білімді қабылдау кезіндегі оқушылардың немесе студенттердің бойындағы интеллектуалдық және психикалық өзгерістерге;
Оқыту нәтижелерін тексеру әдістеріне т.б.
Дидактикалық шарттар:
а) Сабақтың мазмұны мен формасына байланысты мультимедиалық технологияларды мүмкiндiктерiне қарай алдын ала дайындаудың, кешендеудiң перспективалы жоспарын жасау.
Ескере кететiн тағы бiр жайт, бұл шартты қанағаттандыру үшiн бiз алдымен, мультимедиалық технологияларды өзiнiң педагогикалық iс-әрекетiнде толық пайдалана алатын болашақ мұғалiм мамандарын жоғары оқу орындарында кәсiби даярлауды жолға қоюымыз керек.
ә) Оқу материалдарына әдiстемелiк талдау жасау. Айталық, кейбiр пәндерге қатысты оқу материалдары бiрнеше ондаған жылдар бұрын дайындалған. Мiне сол материалдарды жаңа мәлiметтермен үйлестiрудiң жолдарын қарастыру, пәнге қатысты негiзгi мәлiметтi қосымша мәлiметпен толықтыру.
Мультимедиалық технологияларда ұсынылатын оқу материалдары көрнекiлiк ұстанымына негiзделген. Сондықтан да оны оқытудың ажырамас бөлiгi деп қарастыруымыз қажет. Мысалы, компьютерде модельденген демонстрациялық тәжiрибелер, зертханалық жұмыстар студенттер мен оқушыларға заңдылықтар мен құбылыстардың табиғатын ғылыми тұрғыдан түсiне бiлуге бейiмдейдi. Бiр жағдайда олар көзбен көруге мүмкiн болмайтын құбылыстарды экранда бақылауға мүмкiндiк берсе, екiншi жағдайда, ғылымда күрмеуi қиын мәселелердi графика, анимация, бейнекөрiнiс түрiнде бақылап, шешiмiн табуға көмектеседi. Сонымен қатар, мультимедиалық технологиялар оқытудың сабақ барысындағы немесе сабақтан тыс формалары мен әдiстерiн жетiлдiрудi және оқу-тәрбие процесiн қызықты әрi мазмұнды етiп жүргiзудi жолға қояды. Оқытушының жұмысын жеңiлдетедi. Бұл, оқытушы сабақтан тыс қалады деген сөз емес, оқытушы қай кезде де оқыту процесiндегi басты тұлға болып табылады.
Осыған байланысты, оқыту процесiнде кездесетiн мәселелер мен оны тиiмдi шешудегi мультимедиалық технологиялардың маңызын кесте түрiнде келтiре кетейiк (кесте 4). 2.
Достарыңызбен бөлісу: |