Педагогикалық білім жүйесіндегі информатика курсын оқыту әдістемесі. Оның пәні мен мақсаттары туралы баяндаңыз



Дата20.07.2023
өлшемі0,68 Mb.
#104566

Педагогикалық білім жүйесіндегі информатика курсын оқыту әдістемесі. Оның пәні мен мақсаттары туралы баяндаңыз.
Оқу пәнінің әдістемесі - белгілі бір оқу пәні бойынша оқыту теориясы болып табылады. 1985 жылы орта мектепке жалпы бiлiм беретiн «Информатика және есептеуіш те
хника негіздерін» жеке пән ретiнде енгізілуіне байланысты - информатиканы оқыту әдістемесі деп аталатын педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды. Қазiргi кезде қоғамның алдыға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқыту заңдылықтарын зерттейтiн педагогиканың бұл саласы «Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдiстемесi» (информатика бiлiм беру деңгейлерi бойынша) деген атауға ие болды.
- ИОӘ орта мектеп (лицей, гимназия) оқушыларына информатиканы оқыту мазмұны, әдістері, құралдары және оқыту түрлері мәселелерімен айналысады.
- ИОӘ информатиканы оқыту процесiнiң заңдылықтарын қарастыратын педагогиканың бөлiмi 

Информатиканы оқыту барысындағы басты мәселелер
Информатиканы оқыту барысында мынадай басты мәселелерге көңіл аударылуы керек: Неге оқытамыз? Нені оқытамыз? Қалай оқытамыз?


Мектеп бітірушілердің әлеуметтік мәнділігіне қойылатын талаптарды ескере отырып «Неге оқытамыз?» деген мәселені қоғам қояды. Қоғамдық процесстертехнологияның шарықтап дамуы, дер кезде ақпарат алу мұқтаждығы, ақпаратты талдау және топтау біліктілігі – міне осылар. «Неге оқытамыз» деген сұрақтың қазіргі заманғы негізін қалыптастырады. «Неге оқытамыз?» сұрағының мәні «Нені оқытамыз» (білім беру мазмұны) сұрағының негізін құрайды. Бұл оқу программалары, оқытудың мазмұны мен мақсатыоқытылатын материал, оқушылардың ББД-на қойылатын материалдар, ол білім беру министрлігінің прерогативасы. Пәндік аумақтың мазмұнындағы өзгертулер ҚР білім министрлігінің бұйрығымен, нұқсауымен, әдістемелік хатымен өзгертіледі. Бұйрықтар мен нұсқаулар міндетті құжаттар, ал әдістемелік хаттар – ұсыныстар болып табылады. 

«Қалай оқытамыз» - бұл мұғалімнің іс-әрекеті. Ол мыналарды таңдайды: Мемлекеттік программа ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітіледі; авторлық программа авторлар тобымен (немесе жеке адам) жасалады бір деңгей жоғары облыстық білім беру инстанциямен бекітіледі; жекеше программа мемлекеттік программаны негізге алып, оған өзгертулер енгізе отырып, нақты бір мектептің нақты бір материалдық базасының оқу процесіне енгізу ерекшеліктерін ескере отырып жасалтын программа. 

Оқытудың ортақ мақсаттарына сай информатиканы оқыту әдістемесінің алдында мына негізгі міндеттер тұр: информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау, сонымен бірге жалпы білім беретін пәннің мазмұнын және орнын орта мектептің оқу жоспарына сәйкес анықтап жасау және мектепке, пән мұғаліміне мақсатқа жетуге бағытталған ұтымды әдістер мен оқытудың ұйымдасқан формасын ұсыну (оқулықтар, бағдарламалық құралдар, техникалық құралдар және т.б.) және оларды мұғалім практикада қолдануға арналған әдістемелік ұсыныстар дайындау. 

«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнін оқытудың мақсаты: студенттерді жалпы білім беретін орта мектептердегі информатиканы үздіксіз оқытудың көп сатылы тұжырымдамасымен таныстыру; мектеп «Информатика» курсын әр түрлі жағдайларда техникалық және программалық-әдістемелік жабдықтаулардың көмегімен шығармашылықпен оқыту үшін болашақ информатика мұғалімдерін білім, біліктілік және дағдымен қаруландыру; болашақ информатика мұғалімдерін информатика саласы бойынша әр түрлі сыныптан тыс жұмыстардың түрлері ұйымдастыру мен өткізуге дайындау; студенттерді өз бетінше сабақ және тақырып жоспарын, әдістемесін, сабақ конспектісін жасауға үйрету. 

ИОӘ-нің мазмұны. Курста информатиканы оқытудың мақсаты, мазмұны, әдісі, ұйымдастыру формасы және оқыту құралдары, мектеп пәнінің жағдайы мен даму болашағы, информатиканың ғылым және оқу пәні ретіндегі қатынасы қарастырылады. Білім беру стандартының функциялары мен белгілері, оның информатиканы оқытуды ұйымдастыру мен жоспарлауда қолданылуы анықталады. Мектеп бағдарламалары мен оқулықтарына талдау жасалынады. Оқушылардың білімдерін бағалау мен тексеру ерекшеліктері, білім беру стандартын енгізуде компьютерді оқыту нәтижесін бақылау құралы ретінде қолдану мүмкіндіктерін оқытады. Мектеп пәнінің негізгі мәселелері мен тақырыптарын оқытуға және оқыту жүйесін жоспарлауға көңіл бөлінеді.
«Информатиканы оқыту әдістемесі» курсы ең алғаш педагогикалық жоғарғы оқу орындардың оқу жоспарына 1985 жылы физика-математика факультеттерінің құрамында «Информатика» қосымша мамандығы бойынша мұғалімдерді дайындауды ұйымдастыруға байланысты енгізілді. Сонан соң осы курс бойынша оқу құралы пайда болды.


1995 жылдан бастап “Информатика” мамандығы бойынша жоғарғы педагогикалық білім берудің Мемлекеттік стандарты қызмет атқарады, Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарында информатикадан «негізгі» мұғалімдерді дайындау кең дами бастады. Болашақ информатика мұғалімдерінің ұзақ мерзім ішінде әдістемелік дайындығының мазмұны – оның кәсiптiк дайындығындағы әлсіз бөлігі [15] екендігі анықталуда. 
Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде түсінік беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет