Педагогикалық әдеп кеңес Бекітемін Кенжебай-Самай негізгі орта мектебінің әдеп кеңесінің жұмыс жоспары



бет2/6
Дата29.10.2023
өлшемі367,65 Kb.
#121107
1   2   3   4   5   6
«Құқықтық сауаттылық» күні

Сәуір 2020

анықтама

6

Педагогикалық әдеп кеңесінің №4 отырысы .
Күн тәртібінде
1 Педагог бейнесі
2 Өзіңді өзің тәрбиелеу жолдары
3 Педагогтардың әлеуметтік желіде, қоғамдық орындардағы этикалық талаптары

Мамыр

хаттама



Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысының
1 хаттамасы
28 тамыз 2020 жыл
Қатысқандар:_17_____ 
Күн тәртібінде

  1. Педагогикалық этика және Кеңесті құру туралы ережені қарау және бекіту/кеңес төрайымы: Н.Ж.Сағымбекова

  2. Мұғалімнің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті/кеңес мүшесі: Балабекова Ғ.А./

  3. Педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндеті/кеңес мүшесі Көшербаева Қ../ 

  4. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша педагогикалық әдеп кеңес төрайымы Н.Ж.Сағымбекова сөз алды:

Қайырлы күн бүгінгі педагогикалық әдеп кеңесінің отырысына қатысушылар.
Педагогикалық этика және Кеңесті құру туралы ережемен таныстырып өтейін. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарында педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады.
Кеңес өз қызметін «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және объективтілік пен әділдік, әдептілік, қоғамдық пікір мен жариялылықты есепке алу қағидаттарын басшылыққа алады.
Кеңестің негізгі міндеттері: білім беру ұйымдарында педагогикалық әдепті сақтауды қамтамасыз ету; педагогикалық әдепті бұзуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды талдау; педагогтердің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу болып табылады.
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын орындау бойынша тиісті шаралар қабылдамаған лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстармен құзыретті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды тұлғаларға, білім беру ұйымының құрылтайшыларына жүгінуге құқылы.
Кеңес отырысы: егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады, қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Кеңес мүшелері оның отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Сонымен қатар кеңестің міндетіне педагогтардың тәртіптік істерін қарау кіреді. Тәртіптік істерді қарау қортындысы бойынша Кеңес келесі шешімдердің бірін шығара алады: білім беру ұйымының басшысына педагогке тиісті тәртіптік жаза қолдануды немесе қолданбауды ұсыну; тәртіптік істі тоқтату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет