Педагогикалық әдеп кеңес Бекітемін Кенжебай-Самай негізгі орта мектебінің әдеп кеңесінің жұмыс жоспары


Қортынды сөз. Кеңес төрйымы: Н.Ж.Сағымбекова



бет4/6
Дата29.10.2023
өлшемі367,65 Kb.
#121107
1   2   3   4   5   6
Қортынды сөз. Кеңес төрйымы: Н.Ж.Сағымбекова:
Құрметті кеңес мүшелері және кеңеске қатысушылар бүгінгі отырыста педагогикалық әдеп кеңесінің ережесі қаралды, ұстаздардың педагогикалық әдебі туралы да сөз қозғалды. Ардагер ұстаз, кеңес мүшесі Қамқаш Көшербаева мұғалім тек мұғалім емес, ол жас ұрпаққа үлгі болу тұлғасы екенін айтты.Мұғалім өз ісіне адал қарауға міндетті. Қазір көбіне мұғалімдерге несие уақытымен төлемеу бойынша сот ісінен жиі хаттар жіберіліп жатады . Бұндай әрекет мұғалім мен оның беделіне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан ұстаздарды өз әрекеттері үшін жауапкершілікті арттыруға шақырамын.
Кеңес шешімі:
1/ Кенжебай-Самай мектебі жанындағы педагогикалық әдеп кеңесінің ережесі бекітілсін
2/ Мұғалімнің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті назарға алынсын.

  1. «Жас мамандар мектебі» клубы мүшелерімен педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау туралы дөңгелек үстелдер өткізілсін.

Кеңес төрайымы: Н.Ж.Сағымбекова
Хатшы: Е.Ж.Қадір


Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысының
2 хаттамасы
Караша 2020 жыл
Қатысқандар: 17______ 
Күн тәртібінде

  1. Жеке фотосуреттер мен бейнелерді көпшілік алдында жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау/ кеңес мүшесі Н.Есмағамбетова ардагер ұстаз /

  1. Педагогикалық әдеп және педагогикалық тактика/кеңес мүшесі Б.Қ.Базарова /

  1. Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті/ кеңес төрайымы Н.Ж.Сағымбекова 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша педагогикалық әдеп кеңес мүшесі, ардагер ұстаз Н.Есмағанбетова:
Ұстаз – мектеп тұтқасы. Сондықтан ұстаздар қандай кездеде, қандай ортада да педагогикалық әдепті ұстағаны жөн. Өзінің жеке суреттерін әлеуметтік желілерде жариялаған кезде ұстаз деген атына лайық суреттер жариялау тиіс деп ойлаймын. Көпшілік алдына шыққанда да ұстаз екенін ұмытпауы тиіс. Қазір әлеуметтік желіде көріп жүрсіздер, бейәдеп суреттермен жүрген жас мамандар кездесіп қалып жатады. Сондай әрекеттерден аулақ болғаны жөн. Әр мәселені көтерген кезде де , өз пікріңді білдірген кезде де әдептен озбай сөйлеу керек. Педагог өзінің кәсіби назарындағы объектілер болып табылатын окушының, ата-ананың, адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, олармен қарым-қатынас жасауда өнегелі. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп, білім алушының жетістігін (жетіспеушілігін) бағалауда әдептілік таныту кажет.
Білім беру процесін қатысушыларына қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға мүлдем жол бермеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет