Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша педагогикалық әдеп кеңес мүшесі Б.Қ.Базарова: Педагогикалық әдеп – мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деп те анықтама беруге болады.
Педагогикалық әдеп жағымды жақтан ғана қаралады. “Педагогикалық әдебі нашар” қайрымдылығы нашар, сыпайылығы нашар, балаларға деген сүйіспеншілігі нашар, т.б. деумен бірдей. Ал педагогикалық тактиканың тым күрделі – аса жақсыдан жаманға дейін, мейлінше жетілгендіктен қарадүрсінділікке тұқыртылған мәні болуы мүмкін. Әрбір мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста белгілі бір тактиканы әрқашанда қолдана береді, бірақ онда педагогикалық әдептің болмауы да ықтимал. Былайша айтқанда мұғалімдердің бірсыпырасының оқушыларды бағындыруға, олардың қарсылығын тойтаруға бағытталған үркітулері, жазалаулары, ақылгөйлігі, дауыс көтеруі, т.б.жақсы болмаса да әрине өзіндік тактикасы, бірақ ол әсте де педагогикалық әдеп бола алмайды. Мұғалім оқушыларына ықыласты қарап, оларды қадірлеп, кеңпейілді, сақ, әдепті болғанымен олармен қоян-қолтық араласа алмайтын жағдай болады. Оның сабақтарында тәртіпсіздік үстемдік етеді, оқушылар үй тапсырмаларын орындамайды, айтқан ақылды тыңдамайды, шынтуайтқа келгенде оны сыйламайды. Мұндай мұғалімді әдептілігі жоқ деп кінәлауға болмайды. Онда әдеп бар. Бірақ оның тактикасы жетілмеген, тактикалық амал тәсілдері қоры аз, ұйымдастыру мен жүйелілік мүлде жоқ. Педагогикалық шеберлік тұрғысынан алғанда мұғалімнің мінез ерекшелігі ретіндегі әдептілігінің оның әрбір нақты жағдайда тиімді тактика таңдай білуінің үйлесімділігі мейлінше дұрыс болып табылады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша кеңес төрайымы Н.Ж.Сағымбекова: Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті. Тұлғаның қалыптасуына , берілген білімді жақсы меңгеруіне педагогтың әдістемеден хабарының болуы, білімділігі, біліктілігі ғана емес бар білімді тиісті деңгейде жеткізе алуы ең маңызды қатынас құралы тілге байланысты екендігі даусыз. «Мұғалімге керегі тек білім ғана емес, сондай-ақ сөйлеу шеберлігі, яғни кәсібилік, біліктілік, білімділікпен қатар, сол бар ілім-білімін жеткізе алатын сөйлеу шешендігі, кәсіби шешендік», — деген А.Байтұрсыновтың сөзі де педагогтің жұмысы барысындағы сөйлеудің, жай ғана сөйлеу емес, шебер шешен сөйлеудің қаншалықты маңызды екендігін аша түседі.
Сөйлеу мәдениетін игеру – болашақ педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігі. Бұл жерде тілдік қатынас өзара пікір алысу, түсінісу, сөйлесу деген ұғымдардан гөрі тереңірек тілдік қатынас үстіндегі әдеп нормаларының ауызша және жазбаша формаларын меңгеру, дұрыс қатынас жасауға қол жеткізетін тілдік құралдарды тиімді пайдалана білу мағынасын қамтиды. Осындай құзіреттілікті меңгерту – болашақ педагог-мамандардың кәсіби шеберлігінің сипаттамасы.
Қортынды сөз: Егер мұғалім өзі оқытатын және тәрбиелейтін адамдар алдындағы жауапкершілікті сезініп, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылатын болса, өз жұмысына шығармашылықпен қарайтын болса ғана, біз оқытып отырған адамдар сыныпқа қызығушылық танытады, сонда ғана олар ұстаздарын есте сақтап, бағалап құрметтейді
Кеңес шешімі:
1/ Жеке фотосуреттер мен бейнелерді көпшілік алдында жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау назарға алынсын.
2/ Мұғалімнің педагогикалық әдебін сақтауда мұғалімнің құқықтық сауаттылығын артыру үшін, құқықтық сауаттылық күні өткізілсін.