«Педагогикалық ғылымдар» факультеті


КЕШЕНДІ ЕМТИХАН ПӘНДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМДЕМЕСІ



бет17/30
Дата28.04.2023
өлшемі63,75 Kb.
#87784
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Байланысты:
Оқу бағдарламасы 6В01401

2 КЕШЕНДІ ЕМТИХАН ПӘНДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМДЕМЕСІ
6В01401-Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы бойынша қорытынды аттестаттау кешенді емтиханы білім беру бағыттары бойынша II- кешенді емтихан үш базалык пәндерінің тізімі. («Педагогикалық ғылымдар» факультетінін Академиялык сапаны қалыптастыру кенесінің шешімі Хаттама №_____ «_____ » _____ 2021 ж
Пән 1«Дене шынықтыру және спорт педагогикасы БП,МК
Пән 2.«Балалар мен жасөспірімдер және кәсіби спорттың теориясы мен әдістемесі»БП,МК
Пән 3.«Дене шынықтыру және спорт менеджменті» БП,МК
2.1 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ПЕДАГОГИКАСЫ ПӘНІ
КІРІСПЕ
Бұл пәнді окытудың мақсаты-"Дене шынықтыру және спорт педагогикасы" дене шынықтыру жаттығуларымен және спортпен шұғылдану кезінде тәрбие (білім беру және оқыту) заңдылықтарын, мазмұнын зерттейді. Дене шынықтыру және спорт саласындагы педагогиканың мәні мен ерекшелігі, заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру, педагогикалық концепциялардың алуан түрлілігіне бағдарлануға көмектесу, студенттерді педагогикалық іздестірудің белсенді үдерісіне қосу. Оқу-тәрбие қызметін жүзеге асыруда өз мүмкіндіктерін және кәсіби өзін-өзі жетілдіру перспективаларын өздігінен тануға ыкпал ету.
Пәнді оқытудың мақсаты болашақ мұғалімдер дене шынықтыру және спорт саласындагы педагогиканың мәні, ерекшелігі, заңдылықтары туралы хабардар болуының тұтас көрінісін қалыптастыру, окыту технологиялары туралы білімдерін жүйелеу және терендету, олардын дагдыларын іске асыру.
«Дене шынықтыру және спорт педагогикасы» пәнін оқып, зерттеу барысында кәсіби дағдыларды дамыту бірқатар міндеттерді камтиды.
1. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үдерістерінің мәні мен мазмұны, заңдылықтары туралы білімді калыптастыру
2. Болашақ мұғалімдердің педагогикалык дуниетанымын, дене шынықтыру педагогикасының ұғымдарын толық ұғындырып, біліктерін қалыптастыру
3. Дене шынықтыру педагогикасы пәні мен оның ғылыми-педагогикалык зерттеу әдістерін жетік меңгеруге бағыт беру
4 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдердің таным белсенділігінің дамуы негізінде дене шынықтыру және спорт ерекшелігіне байланысты қарым-қатынастық және дидактикалық біліктілігін қалыптастыру және оны арттыру оқыту үдерісін жобалай білу,оның элементтерін сауатты түрде жүзеге асыру.
5 Студенттерді педагогикалық үдерістің құрлымдағы дене шынықтыру тәрбиесі туралы біліммен қамтамасыз ету.
6 Білімгерлердің тұлғалық қасиеттерін ізгілік толеранттылық,коммуникативтілік,дағды,
Педагогикалық ойлау,педагогикалық әдеп және т.б жетілдіру.
7 Болашақ мұғалімдердің өздігінен білім алу , инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту.Үйлесімді ұйымдастырылған кәсіби қызметінің тәжірибесінде инновациялық оқыту идеяларын қолдануға дайын болуға ынталандыру.
8 Педагогикалық әдістерді ,оқыту үдерісін ұйымдастыру т.б негізгі мәселелерді түсіндіріп, оларға сипаттама беру арқылы дүниетанымның әдістемелік негізінің өзара байланыстылығын дәлелдеуде , студенттердің өздігінен жұмыс істеп , білім алу ынтасын қалыптастыру.
Бұл бағдарламаның мақсатына жету мүмкіндігінің құзіреттілікті –бағдарланған мазмұнда едәуір қажетті кәсіби білімді,іскерлікті дағдыларды қалыптастыруды білдіреді. Кәсіби білім берудің нәтижесі ретінде дене шынықтыру оқытушысының және спорт түрі бойынша жаттықтырушының кәсіби құзіреттілігі қарастырылады.
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы пәнін оқу барысында болашақ мамандар төмендегідей құзіреттіліктерін қалыптасуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет