Деңгейлеп оқыту технологиясы
Технологияны ізденіп, зерттеген ғалымдар:
Н.П.Гузик, Ж.Қараев, Г.Ғ.Еркибаева
Міндеттері:
1. Ақпараттық және деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
Мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру
2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу.
3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Деңгейлеп оқыту идеясының авторы Н.П.Гузик сыныптағы оқушыларды да, соған сәйкес оқу бағдарламаларын да А, В, С – үш деңгейге бөлуді ұсынады.
«А» – бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру материалдың сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу дағдысын, есте сақтау тәсілдерін білуді, т.с.с. талап етеді.
«В» – бағдарламасын орындамас бұрын «А» бағдарламасындағы тапсырмаларды әрбір оқушы орындауға міндетті. «В» – бағдарламасын қолдануға арналған есептерді орындау оқушылардың оқу, ой-әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең түсінуге көмектеседі.
«С» – бағдарламасының орындалуы оқушыларды алған білімді шығарма шылықпен қолданылатын деңгейге көтереді. Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой-әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін игеруді көздейді. Оқушыға өзін қосымша жұмыста көрсетуге мүмкіндік береді.
Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар типі
2. Семинар сабақтары
3.Қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары
Достарыңызбен бөлісу: |